AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы музейі жаңа жұмыс режиміне ауысты

Алматы музейі жаңа жұмыс режиміне ауысты

Барлығы 03.02.2026, 10:56 626
Алматы музейі жаңа жұмыс режиміне ауысты
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпан айынан бастап Алматы музейі жаңа жұмыс кестесіне көшті. Енді музей сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін келушілерге қызмет көрсетеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына музейге тек күндіз емес, кешкі уақытта да баруға мүмкіндік береді. Дүйсенбі – санитарлық күн.

Алматы музейі – Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, жинақтау және насихаттаумен айналысатын мәдени орталық. Музей экспозициясы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі Алматы қаласының тарихын бейнелейтін 11 залдан тұрады.
 Музей қорында көне экспонаттар, соның ішінде бейнелеу өнерінің туындылары, қазақ этнографиясының үздік топтамасы, түрлі дәуір мен мәдениеттің айғағы саналатын археологиялық заттар, жазбаша деректер жиынтығы сақталған.

Жұмыс уақытының ұзартылуы музейге келушілер аясын кеңейтуге, соның ішінде жұмыс немесе оқу аяқталғаннан кейін кешкі уақытта мәдени орындарға бару мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Алматы музейі осыған дейін сейсенбі-жексенбі аралығында сағат 10:00-19:00 аралығында жұмыс істеген болатын. 

Алматы музейі Қабанбай батыр, 132 мекенжайында орналасқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы музейі #жұмыс режимі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер мұрасы заманауи көзқараспен қайта жаңғырды

Бүгін 18:15

«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады

Бүгін 17:30

Алматыда қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Бүгін 16:55

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады

Бүгін 16:45

Аңызға айналған «Ақиқат» журналына – 105 жыл

Бүгін 16:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);