конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы метросында «Байқоңыр ғарыш айлағы» атты көр...

Алматы метросында «Байқоңыр ғарыш айлағы» атты көрме өтеді

Әлеумет 17.10.2022, 12:52 1,991
Алматы метросында «Байқоңыр ғарыш айлағы» атты көрме өтеді
Сурет: Ашық дереккөзі

Байқоңыр бүгінгі таңда жұмыс ітеп тұрған әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы


Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Халықаралық архивтер кеңесінің демеуімен 2022 жылғы 19-21 қазанда Алматы қаласында «Ашық қоғамға – ашық Архив» I Халықаралық архивистер Конгресін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Конгреске спикерлер ретінде отандық архившілер мен зиялы қауым өкілдерімен қатар АҚШ, ЕО, Азия және ТМД-ның 15 елінен жетекші ғалымдар мен архив ісінің сарапшы мамандары қатысады.


Конгресс аясында ҚР Президентінің Архиві 18 қазанда Алматы қаласы метрополитенінің Байқоңыр станциясында «Байқоңыр ғарыш айлығы» тақырыбында көрме ұсынады.


Байқоңыр бүгінгі таңда жұмыс ітеп тұрған әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы. Ол Қызылорда облысы Қазалы қаласы мен Жосалы кенті арасында, Төретам кенті маңында орналасқан. Зымыран құрылысының бас құрастырушысы С.П. Королевтың тұжырымы бойынша ғарыш айлағы экваторға жақын болған сайын, зымыранды ғарышқа ұшыру үшін жердің айналу жылдамдығын қолдану да ыңғайлы болады. 1955 жылдың 12 ақпан күні зымыран ұшыруға арналған сынақ алаңын ашу туралы КОКП ОК мен КСРО Министрлер кеңесінің бірлескен қаулысының нәтижесінде құрылған. Болашақ ғарыш айлағының құрылысы 1955 жылы басталды. 1957 жылы Жердің алғашқы жасанды Жер серігі ұшырылды. Ал 1961 жылдың 12 сәуір күні Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет адам басқаратын ғарыш кемесі ұшырылды. «Восток-1» кемесінің бортында ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин болды.


Көрмеде Байқоңыр тарихын бейнелейтін фотосуреттер мен құжаттар ұсынылады. Олардың қатарында ғарышкерлер Ю. Гагарин, В. Севастьянов, Т. Мұсабаев, Ю. Маленченко, У. Мербольдтың және Байқоңыр ғарыш айлағының әскери қызметшілерінің ұшу алдындағы суреттері бар.


Сонымен қатар Абай станциясында Алматы қаласының Мемлекеттік орталық архиві «Қала пейзажының өзгеруі» тақырыбында, Б. Момышұлы станциясында ҚР Орталық мемлекеттік архиві «Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының батыры, даңқты панфиловшы, жазушы» тақырыбында көрме ұйымдастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#метро #Көрме #Байқоңыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауынан жақсылық күтеді – қоғамдық пікір зерттеуі

Бүгін 17:14

Алатау ауданы Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің 44%-дан астамын қамтамасыз етіп отыр

Бүгін 17:05

Алматыда Спорт күніне орай ауқымды спорттық іс-шаралар бағдарламасы өтеді

Бүгін 16:31

Алматыдағы үлкен кәсіпорындар сайлауға қатысуға шақырды

Бүгін 16:21

Сайлау учаскеңізді қалай табасыз?

Бүгін 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);