AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматы метрополитенінің бекеттерінде концерттер ме...

Алматы метрополитенінің бекеттерінде концерттер мен фотокөрмелер өтіп жатыр

Алматы құшағында Бүгін 15:17 41
Алматы метрополитенінің бекеттерінде концерттер мен фотокөрмелер өтіп жатыр
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Наурыз мейрамы аясында Алматы метрополитенінің бекеттерінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастырған фотокөрмелер ұсынылған. Көрмеге қойылған фотосуреттердің тақырыптық ауқымы кең — ұлттық ойындар, зергерлік бұйымдар, сондай-ақ Наурыз мерекесінің көріністері қамтылған.

Сонымен қатар, қазақша күрес, бәйге, арқан тарту секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыстар бейнеленген фотосуреттер де бар.

Бекеттерде бір мезетте қаланың жетекші шығармашылық ұжымдары қатысқан концерттік бағдарламалар өтіп жатыр. Келушілер фотокөрмені тамашалап қана қоймай, ұлттық және заманауи әндерді тыңдап, домбыра мен басқа да дәстүрлі аспаптардың әуенін сезіне алады.

Метрополитен бекеттерінің бірінде 1980-жылдардың соңында Алматыда және республика қалаларында Наурыз мейрамының қайта жаңғырту кезеңін бейнелейтін фотокөрме де ұйымдастырылған.

Фотокөрме әр жастағы келушілердің қызығушылығын тудырып отыр. Солардың бірі Алматы мектептерінің бірінің 4-сынып оқушысы Нұралы Әлім.

– Бүгін мен Наурыз мейрамын тойлау дәстүрінің қашан және қалай қайта жанданғанын білдім. Фотосуреттер арқылы ұлттық дәстүрлер туралы көп мағлұмат алдым. Енді бұл туралы үйдегілерге және достарыма айтып беремін, – дейді оқушы.

«Наурыз мейрамы аясында метро бекеттерінде фотокөрмелер өткізу дәстүрге айналды. Биыл көрмелер таңғы сағат 9:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Олардың басты ерекшелігі, қолжетімділігінде. Жолаушылар күнделікті сапар барысында тарихи-мәдени мұрамен танысуға мүмкіндік алады. Келушілер тарапынан қызығушылық жоғары, көпшілігі оң пікір білдірді», – деді Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Құдайбергенқызы Сағындықова.

Метрополитен қызметкерлері де жолаушыларға көрме орналасқан орындарды көрсетіп, бағыт-бағдар беріп жүр.

«Бекеттерде көрмелер мен концерттер өткен кезде жолаушылардың да, біздің де көңіл күйіміз көтеріледі. Осындай іс-шаралардың арқасында Наурыз мейрамы биыл ерекше әсермен өтіп жатыр», – деді 15 жылдан астам уақыт «Метрополитен» КМК-да жұмыс істеп келе жатқан жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі Роза Нұрмашева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #метрополитен #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі «Тазару күніне» арналған жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 16:36

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41

Президент үндеу жасады

Бүгін 12:42

«Жұлдызды Алматы»: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін 12:36

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика