Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматы мен Торғайда «Алаш» қайраткерлеріне ескертк...

Алматы мен Торғайда «Алаш» қайраткерлеріне ескерткіштер орнатылады

Өмір-өзен 05.08.2022, 09:56 2,084
Алматы мен Торғайда «Алаш» қайраткерлеріне ескерткіштер орнатылады
Сурет: Оrtcom.kz

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жоспарлаудан бастап ескерткіштерді орнатқанға дейінгі жұмысқа мұқият қарау өте маңызды екенін айтты.


Алматы қаласында Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш және Жұмат Шанинге бюст орнатылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ОКҚ-не сілтеме жасап.


Қостанай облысының Торғай ауылында Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына ескерткіш тұрғызылады, сондай-ақ Алматы қаласында Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш және Жұмат Шанинге бюст орнатылады. Құрамына белгілі мүсіншілер, суретшілер, зергерлер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері кіретін Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия республикалық конкурстың қорытындысы бойынша жобалау жұмыстарын қарап, мақұлдады.



«Ескерткіштер – тарихи жадымызды жаңғыртуда және қоғамдық сананы қалыптастыруда ерекше мәнге ие. Сондықтан жоспарлаудан бастап ескерткіштерді орнатқанға дейінгі жұмысқа мұқият қарау өте маңызды. Комиссия тобы мүсіндердің жұмсақ материалдан жасалған толық көлемдегі нұсқасын жан-жақты қарастыруы қажет», – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.



Сондай-ақ, комиссия мүшелері Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Ұлытау облыстары әкімдіктерінің идеялық ұсыныстарын бірауыздан қолдады. Аталған өңірлерде Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаға, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовқа, Нияз батыр Сайдалы Барқыұлына, ІІ Дүниежүзілік  соғыс және еңбек ардагері Жақсыбек Оңшыбаевқа және түрік саясаткері, мемлекет қайраткері Аднан Мендерске арналған ескерткіштерді жобалау жоспарланған.


Комиссия мүшелері Сартай Байжанұлына арналған  «Сартай батыр – мың бала» ескерткішінің  жобалық жұмысын қабылдамады, жоба қайта пысықтауды қажет етеді. Сондай-ақ, жиында сарапшылар монументалды өнер саласындағы өзекті мәселелерді де талқылады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ескерткіш #Алаш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы тауларында қар көшті: бір турист қаза тапты

Бүгін 08:40

Милан-Кортина Олимпиадасы жабылды: келесі қысқы ойындар Францияда өтеді

Бүгін 08:29

23 ақпанда Қазақстанның 16 облысы мен үш мегаполисінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:17

Referendum2026: Әлеуметтік желіде жаңа Конституцияны қолдағандар саны 88 мыңнан асты

Кеше 17:01

Михаил Шайдоровтың тарихи костюмі Олимпиада мұражайына қойылды

Кеше 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі