конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы мәслихатының депутаттары жол қозғалысын ұйы...

Алматы мәслихатының депутаттары жол қозғалысын ұйымдастырудың жаңа қағидаларын қабылдады

Алматы Бүгін 11:56 39
Алматы мәслихатының депутаттары жол қозғалысын ұйымдастырудың жаңа қағидаларын қабылдады

Алматы қаласы мәслихатының кезекті XLVIII (48) сессиясында депутаттар ҚР Жол жүрісі қағидаларымен реттелмеген бөлікте Алматы қаласында жол қозғалысын ұйымдастыру қағидаларын бекітті.

Жаңа құжат алғаш рет бір нормативтік құқықтық актіде автотұрақтарды ұйымдастыру, жеке мобильділік құралдарын (электросамокаттар), көлік құралдарын эвакуациялау және сақтау, сондай-ақ шлагбаумдар мен қорғаныш қоршауларын орнату мәселелерін біріктірді.

Қағидалардың маңызды жаңалықтарының бірі – автотұрақ кеңістігін ретке келтіру. Құжат коммуналдық және жекеменшік автотұрақтарды ұйымдастыруға, төлем тәртібі мен жеңілдіктерді ұсынуға бірыңғай талаптарды белгілейді. Сонымен қатар көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарына тұрғылықты жерінен 500 метр радиуста орналасқан коммуналдық автотұрақта бір автокөлікті тегін қою мүмкіндігі берілді.

Қағидалардың жеке бір бөлімі жеке мобильділік құралдарына арналған. Алғаш рет қалалық деңгейде электросамокаттар мен өзге де жеке мобильділік құралдарын орналастыру тәртібі айқындалды. Бұл олардың ретсіз қойылуын болдырмауға, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға және операторлар мен пайдаланушылар үшін бірыңғай талаптар қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ көлік құралдарын эвакуациялау және сақтау тәртібі нақтыланды. Енді эвакуациялау рәсімі міндетті түрде фото және бейнетіркеумен, көлік құралының жай-күйін тексеру актісін рәсімдеумен және мамандандырылған айып тұрағының жұмысына қойылатын бірыңғай талаптармен жүзеге асырылады. Бұл автокөлік иелерінің құқықтарын қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Қағидаларда жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда шлагбаумдар мен қорғаныш қоршауларын орнатудың бірыңғай тәртібі бекітілді. Сонымен қатар жедел жәрдем, өрт сөндіру және басқа да арнайы қызмет көліктерінің кедергісіз өтуі міндетті түрде қамтамасыз етіледі.

Сессия барысында депутаттар Алматы қаласында суицидтің алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құруды да қолдады. Комиссия мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіруге, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыруға және халықтың психикалық денсаулығын қорғау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар депутаттар Денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның құрамына өзгерістер енгізді

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәслихат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Есентай жағалауындағы гүлден жасалған тауыс көпшіліктің көзайымына айналды

Бүгін 12:26

Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді

Бүгін 12:04

Қазақстанда азық-түлік тұтыну артты: Алматы көкөніс тұтынудан көш бастады

Бүгін 12:00

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады

Бүгін 11:55

Алматыда алғаш рет электрсамокаттарды орналастырудың бірыңғай ережесі енгізіледі

Бүгін 11:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);