AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы мәслихатының депутаттары 2024 жылға арналға...

Алматы мәслихатының депутаттары 2024 жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау жобасын қолдады

Әлеумет 28.08.2024, 15:18 1,229
Алматы мәслихатының депутаттары 2024 жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау жобасын қолдады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда биылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау үшін қалалық мәслихаттың XXII сессиясы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин өз сөзінде атап өткендей, мегаполис бюджетіне жоспарланған өзгерістер сомасы 83 млрд теңгені құрайды.

«Аталған бюджетті нақтылауда бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында ішкі қайта бөлу және өткен жылдан бастап 28,1 млрд теңге сомасында бос қалдықтарды пайдалану есебінен пайда болған 54,9 млрд теңге сомасындағы қаражат пайдаланылатын болады», - деп түсіндірді А. Әмрин.

Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбековтың айтуынша, аталған қаражат қала тұрғындары үшін басым және әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. Олардың бірі – білім беру саласына. Бюджетті нақтылау шеңберінде білім беру саласындағы қаржыландыру 482,3 млрд.теңгеге немесе қала бюджетінің 26%-на дейін ұлғайтылды.

Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында «Ақбұлақ» ш/а («Нұрлы Дала» ТК ауданында), «Теректі» ш/а, Розыбакиев – Левитан көшесінде, «Саялы» ш/а 5 600 орындық 4 мектептің құрылысы аяқталуда.

Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында орын тапшылығын төмендету мақсатында Орбита-3 ш/а балабақшаны қайта жаңартуды жалғастыруға 1,6 млрд теңге бөлінеді және №10 шағын ауданда балабақша құрылысының басталды. Бұл 600-ден астам баланы мектепке дейінгі біліммен қамтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ағымдағы жылы Түрксіб және Әуезов аудандарындағы №83 және №155 мектептерді қайта жаңарту, сондай-ақ қаланың Бостандық ауданындағы №138 мектепті сейсмикалық күшейту аяқталады.

Шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру мақсатында жаңа оқу жылынан бастап қаланың 41 мектебін бастауыш сыныптарда шахматтан жаңа оқу пәнін енгізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, қаржы басқармасының басшысы қосымша қаржыландырудың арқасында 2,3 млрд теңге көлемінде «Шапағат» және «Алғабас» ш/а сумен жабдықтау және су бұру желілерінің, сондай-ақ Медеу ауданындағы кәріз желілерінің құрылысы аяқталатынын хабарлады. Бұл санитарлық стандарттарға сәйкес аталған аудандардың 20 мыңнан астам тұрғыны үшін сапалы су мен кәрізге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мегаполистің көлік қатынасын жақсарту мақсатында Сейфуллин – Жансүгіров даңғылындағы көлік айрығының құрылысы жалғасады.

Отырыс барысында депутаттар қалада бейбіт жиналыстар өткізетін мамандандырылған орындарды өзгерту, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді арттыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, депутаттар жергілікті бюджетке жағымды әсер ететін LED-экрандар түріндегі объектілерге Жарнама орналастыру үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерін ұлғайту ұсынысын қолдады. Осылайша, күн тәртібінде қаралған міндеттер қаланы одан әрі сапалы дамытуға және алматылықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәслихат #бюджет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Кеше 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кеше 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Кеше 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Кеше 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Кеше 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика