Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы көшелерінде цифрлық қауіпсіздік жүйелері ен...

Алматы көшелерінде цифрлық қауіпсіздік жүйелері енгізілуде Алматы әкімі

Әлеумет 22.08.2023, 06:52 1,043
Алматы көшелерінде цифрлық қауіпсіздік жүйелері енгізілуде  Алматы әкімі
Almaty-akshamy.kz

Алматы әкім Ерболат Досаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен мегаполисті дамыту жөніндегі кеңесте қалада қауіпсіз және жайлы өмір сүруді қамтамасыз ету үшін заманауи цифрлық технологиялар белсенді енгізіліп жатқанын атады.


Мемлекет басшысының 2022 жылғы тамызда бірыңғай бейнемониторинг жүйесін (БМЖ) енгізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру нәтижесінде Алматы осындай жүйе іске қосылған елдегі алғашқы қала болды. Ол бейнедегі деректерді талдау мүмкіндігімен біріктіріледі. Сонымен қатар, 490 әлеуметтік нысанда (83%) талшықты-оптикалық кабель тарту жұмыстары аяқталды, оның ішінде 372 нысанда бейнекамералар БМЖ-ға (63%) қосылған, деді Ерболат Досаев.


Бұған қоса, бүгінде қалалық полицияның жедел басқару орталығы 18,8 мың бейнекамераны (97%) көріп отырады. Білім беру нысандарында кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізу аяқталғаннан кейін Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі камераларды 100% қосады. Сонымен бірге, Алматы әкімінің ақпараты бойынша қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін биыл жыл соңына дейін қаланың 8 ауданында 35 «дабыл түймесі» жүйесі орнатылады. 2025 жылдың соңына дейін тағы 70 «дабыл» түймесі пайда болады. Ал полицияның сервистік үлгісін іске асыру аясында биыл жыл соңына дейін қаланың барлық ауданында 8 орталық, 2024 жылы тағы 8 орталық іске қосылады.


Жалпы, 2023 жылдың 7 айында қылмыстық құқық бұзушылықтар 28,7%-ға, жол-көлік оқиғалары 24,5%-ға төмендеген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Досаев #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін 16:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика