AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы колледждерінің студенттері – алғашқы Респуб...

Алматы колледждерінің студенттері – алғашқы Республикалық «Еңбек» Кубогының жеңімпаздары

Барлығы 21.04.2025, 21:54 710 yakiya
Алматы колледждерінің студенттері – алғашқы Республикалық «Еңбек» Кубогының жеңімпаздары
Қалалық білім басқармасы

Түркістан қаласында ауқымды спорттық шара – «Еңбек» Кубогы спартакиадасы өз мәресіне жетті. Бұл жарысқа Қазақстанның 20 өңірінен 2 000-нан астам колледж студенті қатысты.

Бес күн бойы студенттер баскетбол, шағын-футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі және волейбол сияқты спорт түрлерінен бақ сынасты.

Турнирде Алматы қаласының намысын 7 колледжден 71 студент қорғады.

Жалпы командалық есеп қорытындысы бойынша үздік үштікке Маңғыстау облысы кірді. Екінші орынды Қарағанды облысының командасы иеленсе, абсолютті жеңімпаз атанған – Алматы қаласының командасы.

Айта кетейік, шағын-футболдан Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі 1-орын,
шахматтан Алматы технологиялық колледжі 2-орын,
ал баскетболдан Алматы мемлекеттік бизнес колледжі 3-орын иеленді.
«шағын-футболдың үздік ойыншысы» номинациясы бойынша Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінің студенті Кеңесхан Әлишер марапатталды.

Барлық спорт түрінен жоғары нәтиже көрсеткен үздік командаға Кубокты Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тажибаев табыстады.

Жеңімпаздарды құттықтап, марапаттарды ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Әсет Ғарифоллаұлы тапсырды.

«Жуырда Мемлекет басшысы елімізде дене шынықтыру мен спортты дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту туралы заңға қол қойды. Оңтүстік астана бұл саладағы жоғары жетістіктерімен танымал. Ең бастысы – студенттердің спорт пен дене шынықтыруға деген қызығушылығы өте жоғары. Осындай беделді турнирде сәтті өнер көрсеткен жеңімпаздарымызды құттықтаймын», – деді Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов.

2026 жылы «Еңбек» Кубогы жалғасын тауып, Оңтүстік астанада өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт #колледж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);