AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматы кітапханасында Мәриям Хакімжанованың құрмет...

Алматы кітапханасында Мәриям Хакімжанованың құрметіне әдеби кеш өтті

Мәдени Алматы Бүгін 10:05 107
Алматы кітапханасында Мәриям Хакімжанованың құрметіне әдеби кеш өтті
Суретті ұйымдастырушылар ұсынған

Биыл Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хакімжанованың туғанына – 120 жыл, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақтың аяулы ақын қызы, аудармашы, балалар әдебиетінің дамуына үлес қосқан қаламгердің есімін ұлықтау мақсатында А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада тағылымды кездесу өтті.

Мәриям Хакімжанованың ІІІ томдық шығармалар жинағын шығарған, қаламгердің көзін көрген, етене араласқан Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мағира Қожахметова дәл осы Чехов кітапханасына Мәриям апайдың да талай келгенін, ізінің сайрап жатқанын еске алды.

«Апамыз елу жасына дейін қуғын-сүргіннің зардабын көріп, үнемі НКВД-ның назарында болған адам. Жары Серғали Бермұхамедовтің атылып кеткенін де білмеген. Бұл тақырыпта жазған дүниелерімнің біразы «Ұзақ жолдың бойында» атты кітабыма енді. Мәриям апаның хаттарына дейін зерттедім. Өмірі қиындықпен өткен. Сонда да рухы сынбаған, нәзіктігін жоғалтпаған. Өзінің, қайныларының балаларын жалғыз жүріп аяқтандырған. Шын мәнінде бар қазақтың анасы болды десем артық айтқаным емес. Бұл кісі туралы мен өте көп жаздым. Мәриям апамның ең басты ерекшелігі – балаларды өте жақсы көрді. Сондықтан кітаптары да өміршең деп білемін. Тауып оқыңдар, жастар. Жақсы адамның өмір жолы бәрімізге үлгі болары сөзсіз. Жақында Мәриям апа туралы деректі, тарихи драма жазып бітірдім. Одан кино түсіруге де болады деп ойлаймын», – деді белгілі қаламгер Мағира Қожахметова.

Мәриям Хакімжанова әдеби шығармашылықпен ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап айналысты. Ол шығармаларында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, әйел тағдырын, ана махаббатын, туған жерге деген сүйіспеншілікті, адамгершілік пен ізгілікті де жырлады.

«Мәриям Хакімжанова өте зиялы, өте мейірбан әйел еді. Ол өз өмірі арқылы шын мәнінде әйел-ақын қандай болу керектігін, әйел-ақын жүрегінің қалайша бұлқынып соғатынын және қазақстандық әйелдердің жоғары моральдық құндылықтарын көрсете білді. Жұбайы Серғали Бермұхамедов әскери адам болғанымен, өте шығармашыл тұлға болды. Мәриям апа екеуінің махаббаты жастарға үлгі боларлықтай еді. Оның шоқтығы биік шығармасы – патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілікке толы «Мәншүк» поэмасы. Ол Мәншүкті кішкентай кезінен білетін, оның анасы Әминамен үнемі араласып тұрған. Сондықтан да шынайы туындыға айналды», – деді Мәриям Хакімжанованың келіні Динара Шаншарова.

Иә, ақынның кеңінен танылған еңбектері – «Мәншүк» поэмасы, «Жеңешем», «Ана махаббаты», «Ана жүрегі, «Ана көктемі», «Намыс», «Өткелдер». Өлеңдері орыс, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, қытай және басқа да тілдерге аударылған.

«Мәриям әжеміз өте сүйкімді, мейірімді жан болатын. Жанының жылуы бәрімізге жететін. Шаңырағынан кісі арылмайтын. Дастарханы жиылмайтын. Біз Мәриям әжемізден көптеген адами қасиеттерді сіңірдік десем қателеспеймін. Оның кітаптағы кейіпкерлері де өзі секілді адал», – деді жақын туысы Қарлығаш Сәрсенбаева.

Кеште жастар Мәриям Хакімжанованың «Шалқар» радиосының Алтын қорынан алынған өз дауысын тыңдады. Жылдар қойнауынан жеткен аяулы үн ұрпағын да тебіренткені сөзсіз. Бейнеролик арқылы көрсетілген деректі фильм үзінділері де ақынның өмір жолынан сыр шертті.

«Мен бала кезімнен сурет салғанды жақсы көрдім. Осы қабілетімді ұштаған, әрине, сүйікті әжем еді. Ол уақытта сурет салуға қажетті материалдар өте қат болатын. Бірақ аяулы әжем мен үшін бәрін тауып беретін. Ағам Айдар екеумізге шырғалаңға толы өмірін әңгімелеп беруші еді. Қаншама қиындықты бастан өткерсе де, мейірбан жүрегін өмірінің соңына дейін таза сақтаған жан. Ағам екеумізді туған жеріне, Қостанайға жиі апаратын. Бұл табиғаты көркем өлке ғой, әжемізбен Тобыл өзенінің жағасына барушы едік. Ол кісінің әр сапарында туған топырағынан, туған елінен шабыттанып қайтатынын бала да болсақ сезетінбіз. Ата-анамыз алаңсыз жұмысын істеді, ал біз әжеміздің жылы қанатының астында өстік, жетілдік, дүниетанымымыз кеңейді. Өзі де өте қонақжай еді. Үйге көмек сұрап келген бейтаныс адамдарға да қолдау көрсете білген ақ жүректі адамның ұрпағы болғанымды әркез мақтан етемін», – деді Мариям апайдың немересі, суретші-педагог Айгүл Хакімжанова.

Кешті музыкамен әрлеген Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері – Әліби Сейітқожа Дәнеш Рақышевтің «Саясында алманың» әнін, Ерасыл Жақыпбай Біржан салдың «Он саусағын» шырқады. Ал №15 гимназия оқушылары Мәриям Хакімжанованың өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрерменнің ықыласына бөленді.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Қытай жастарды жұмыспен қамту және кәсіби дамыту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтіп келеді

Бүгін 14:13

«Бәйтерек» ҰИХ экономиканы қолдауға 8,7 трлн теңге бөлді

Бүгін 14:06

Қазақстанда сапалы жоғары білім алу мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Бүгін 13:43

Олжас Бектенов отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейтуді тапсырды

Бүгін 13:35

Азаматтық құқықтарды қорғау жаңа Азаматтық кодексте одан әрі дамытуды қажет етеді – Елеужан Серімов

Бүгін 13:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);