Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы кітапханаларында шетел тілдерін тегін үйре...

Алматы кітапханаларында шетел тілдерін тегін үйренуге болады

Әлеумет 27.11.2023, 04:47 1,010
Алматы кітапханаларында  шетел тілдерін тегін үйренуге болады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы кітапханаларында түрік, ағылшын, неміс, француз және қытай тілдерін тегін оқып үйренуге болады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Мұндай  ерекше мүмкіндікке кітап әлемінің әуесқойлары - балалар да, ересектер де ие. Тіл үйренуге ниет білдіргендерге сабақты университет оқытушылары, елшілік өкілдері мен еріктілер жүргізеді. Мәдениет басқармасы қала кітапханалары кітап оқуға деген қызығушылықты ояту және келушілердің танымдық іс-әрекетін ынталандыру үшін белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.



«Біз қоғамның жан-жақты дамуына және мәдениетаралық түсіністікті нығайтуға ықпал ететін шығармашылық бастамаларды белсенді қолдаймыз. Мамандар оқырмандар үшін әдеби викториналар, авторлармен кездесулер, түрлі тақырыптық байқаулар өткізіп қана қоймай, кітап және тіл үйірмелерін ұйымдастырып жүр. Айта кетерлігі, 4000-ға жуық адам шетел тілі курстарынан өткен, бұл негізінен 5 жастан 17 жасқа дейінгі балалр. Осылайша, біз  өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға байланысты Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырманы орындап жатырмыз. Жалпы кітапханаларда цифрландыру, кітап қорын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде және бұл мәселелер қала әкімінің ерекше бақылауында», – деді Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев. 


Қазір мектеп жасына дейінгі балалар да ата-аналарымен бірге «Onay English», «English for children», «Mama&me» және «Read-ka» жобаларына қатысуда. Айта кетерлігі, Алматы кітапханалары қазақ тілін үйренемін және жетілдіремін дейтін оқырмандар үшін де қолайлы жағдай жасаған: қазақ тілінде көркем жазу, дұрыс сөйлеу және шешендік өнерге баулуға бағытталған жобалар жүзеге асуда.


Кітапханалар желісі ұсынған жаңалықтардан шет қалмау және тіл курстарына қатысты қосымша ақпарат алу үшін қала кітапханаларының  Instagram-дағы ресми парақшасына @library.almaty жазылуға шақырамыз.



Анықтама үшін: Алматыда 28 қалалық кітапхана жұмыс істейді. Олар – Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы, ALATAU CREATIVE HUB, А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана, Отбасылық оқу кітапханасы, Алмалы кітапханасы, И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы, С.Бегалин атындағы Орталық қалалық  балалар кітапханасы, №45 филиал, №44 филиал, №39 балалар кітапхана бөлімшесі, №33 балалар кітапхана бөлімшесі, № 32 көпшілік кітапхана, №31 көпшілік кітапхана,  №30 балалар кітапханасы, №29 балалар кітапхана бөлімшесі,  №26 кітапхана бөлімшесі, №24 балалар кітапхана бөлімшесі, № 20 кітапхана бөлімшесі, №15 кітапхана бөлімшесі, №14 кітапхана бөлімшесі, №6 кітапхана бөлімшесі, №4 кітапхана бөлімшесі, Қазақстан Жазушылар кітапханасы, №1 балалар кітапхана бөлімшесі. Тізімдегі алғашқы екі кітапхана тәулік бойы жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кітапхана #тіл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Бүгін 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Бүгін 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі