Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы жоғары жетістіктер спортын қолдауды күшейті...

Алматы жоғары жетістіктер спортын қолдауды күшейтіп жатыр 

Барлығы 15.01.2026, 12:38 342
Алматы жоғары жетістіктер спортын қолдауды күшейтіп жатыр 
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы осылай деп мәлімдеді. Ол жоғары жетістіктер спортын дамытып, кәсіби спортшыларды даярлау үшін қандай жағдай жасалып жатқанын айтты.  

2022 жылдан бері Алматыда Спорт басқармасына қарасты барлық ұйымды спорт жабдықтарымен қамтитын жүйелі бағдарлама жүзеге аса бастаған.

Спикердің айтуынша, былтыр осыған 1 млрд теңге бөлініпті. Соның арқасында спорт мектептері, даярлау орталықтары мен өзге мекемелер халықаралық стандарттар мен жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлау талабына сай келетін спорттық құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ меценаттар мен демеушілердің үлесіне ерекше назар аударылды. 2025 жылы бизнес өкілдерінің қолдауының арқасында алматылық спортшыларға шамамен 400 млн теңге көлемінде қосымша көмек көрсетілді.

Алматыда жоғары жетістіктер спортын жүйелі қолдау қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Оның бастамалары мен спорт саласын дамытуға көрсетіп отырған ерекше назарынның арқасында қалада халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау үшін қажетті жағдайлар жасалды, сондай-ақ мемлекет пен әлеуметтік жауапты бизнестің арасындағы байланыс пен ынтымақтастық та нығая түскен.

«Бизнес өкілдерінің бұған бей-жай қарай алмай, спортты дамытуға белсене араласып, спортшыларымызды қолдап, оларды жаңа жеңіске жетуге ынталандырып, үлес қосып жатқаны қуантады», – дейді Дархан Нұрханұлы.

Спорт басқармасы басшысының айтуынша, мемлекет пен жеке сектор арасындағы ынтымақтастық жоғары жетістіктер спортын дамытуда маңызды факторға айналды. Бюджет қаржысы мен бюджеттен тыс қолдаудың үйлесуі спортшылардың дайындық деңгейін арттыруға ғана емес, болашақтағы халықаралық жетістіктерге берік негіз қалауға мүмкіндік беріп отыр.

Баспасөз конференциясының қорытындысында Алматыда спортшылар мен спорт ұйымдарын қолдау жағы алдағы уақытта да кеңейе түсетіні, әлеуметтік жауапты бизнесті осы іске тарту қаланың Спорт басқармасының негізгі бағыттарының бірі болып қала беретіндігін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

Бүгін 12:03

Алматыдағы сенбілік: көп жұмылған істе береке бар

Бүгін 11:31

Ақыл сайысы: Алматыдағы Республикалық дебаттық турнир қалай өтті

Бүгін 10:06

Қазгидромет 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін 09:01

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Кеше 20:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика