Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінімдер...

«Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау қорытындысы шығарылды

Әлеумет 21.04.2025, 10:14 814
«Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау қорытындысы шығарылды
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы «Алматы жастары» бағдарламасы аясында өтінімдерді қабылдау қорытындысын шығарды. Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 1426 наурыз аралығында  www.almaty-zhastary2025.kz. ресми сайты арқылы өтті. Барлығы 6626 өтінім берілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Өтінімдердің ең көп саны білім беру саласының өкілдерінен түсті — 2191. Бұдан кейін денсаулық сақтау (1381), жұмыс істейтін жастар (881), ЖОО және ҒЗИ (635), коммуналдық қызметтер (428), мәдениет (360), құқық қорғау органдары (343), Әлеуметтік сала (245), спорт (86) және журналистика (76) салалары.

2025 жылы бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуға кемінде 2550 заем беру жоспарлануда. Оның ішінде 1050  заем «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушыларына арналған.

Сонымен қатар бірқатар бағыттар бойынша квоталар анықталды:
* білім  — кемінде 350 заем; денсаулық сақтау кемінде 350 заем;
* республикалық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері жалпы көлемнің 5% - дан аспайды;
* құқық қорғау органдары 5% - дан аспайды.

Берілген өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша 3412 қатысушыға қатысты оң шешім шығарылды. Мақұлданған өтінімдерді салалар бойынша бөлу:
* білім — 994;
* денсаулық сақтау — 630;
* жұмыс істейтін жастар — 759;
* республикалық мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері — 249;
* құқық қорғау органдары — 167;
* қалған салалар — 613.

Мақұлданғандардың қатарында «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының 759 жалға алушысы бар, оларға «Отбасы банк» АҚ-ға жолдамалар берілген.

Үш кезеңде 1500 қатысушы төлем қабілеттілігін растау үшін банкке жолдама алады. Олар 15 жұмыс күні ішінде банктің қызмет көрсету орталығына хабарласуы керек. Төлем қабілеттілігі расталған жағдайда қатысушылар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы немесе қайталама нарықтағы тұрғын үйді таңдай алады.

Қосымша 1153 қатысушы негізгі құрамды бағалау аяқталғанға дейін резервтік тізімге енгізілді. 3214 өтініш беруші тізімнен шығарылды, негізгі себептері — жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, меншігінде тұрғын үйдің болуы, қажетті анықтамалардың болмауы, соңғы 6 айда зейнетақы аударымдарының болмауы және басқалар.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылы бағдарламаның шарттары жаңартылды:
* қарыздың ең жоғары сомасы 18 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін ұлғайтылды;
* бағдарламаны қамту «жұмыс істейтін жастардың» 1050 жалға алушысын қоса алғанда, кемінде 2550 адамды құрайды.

Бұдан басқа, жұмыс істейтін жастар қатарындағы қатысушыларға Алматыда немесе Алматы облысында жеке тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі берілді.

Нәтижелер туралы толық ақпарат сайтта орналастырылған: www.almaty-zhastary2025.kz.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #пәтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Бүгін 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Бүгін 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика