Алматы индустриалды аймағында биыл қандай кәсіпорындар іске қосылды?
Алматы Индустриалды аймағы жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында құрылды және Алматы қаласында өнеркәсіптің басым салаларын (машина жасау, тамақ, жеңіл, фармацевтика, химия өнеркәсібі, логистика, құрылыс материалдарының өндірісі) дамыту үшін көзделген. Бұл ретте, өнеркәсіп кәсіпорындарын қаланың тұрғын ауданынан басқа жаққа қайта орналастыруға, технологиялық, инновациялық өнімдер шығаруға, импортты ауыстыруға бағытталған инвестициялық жобаларға басымдық беріледі.
Алматы Индустриалды аймағында 2,9 мың жұмыс орны құрылған.
Бүгінде Алматы Индустриалды аймағында жеке инвестициясы 119,8 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба іске асырылды, 647,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді, 20,7 млрд. теңге салық аударымдары төленді, 2 913 жұмыс орны құрылды.
2022 жылы 65 жұмыс орны құрыла отырып, сомасы 4,6 млрд. теңгені құрайтын «Каз-Диа-Тест» ЖШС зауыты іске қосылды. Жылдың соңына дейін 211 жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 6,8 млрд. теңгені құрайтын 5 кәсіпорынды («VALTHERM», «City Stone», «TEPLOSTIL», «Stroy Production», «ЭлектроБар») іске қосу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, 2022 жылы жеке инвестицияның жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгені құрайтын, жалпы алаңы 15 300 шаршы метр болатын 4 шағын өнеркәсіптік паркті іске қосу жоспарланып отыр.
Өнеркәсіптік аймақ аумағында барлық қажетті инфрақұрылым – газбен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету, электр энергиясы, кәріз құбыры, нөсер кәрізі, интернет, кәбілдік телефония, жол желісі бар, «Индустриалды» жеке теміржол станциясының құрылысы жүргізілуде.
Отандық жеңіл автомобильдер өндіретін Hyundai зауыты — отандық автоөнеркәсіпті дамыту үшін стратегиялық нысан болып табылады, ол экономиканы өсіруге және әртараптандыруға үлесін қосып, елдің инновациялық даму деңгейін арттырып, кәсіби кадрлардың өсімін қамтамасыз етіп, қазақстандық нарықты жаңа автомобильдермен толтырады және ТМД елдеріне экспортты қамтамасыз ету бағытында жұмыс атқарады.
Кәсіпорын және ондағы дәнекерлеу, бояу, құрастыру, пластик бөлшектерді бояу цехтары мен компоненттер қоймасы Оңтүстік Кореяда өндірілген ең соңғы үлгідегі жабдықтармен жабдықталған. Кәсіпорында Hyundai жоғары сапасын Hyundai Motor Company инженерлерінің қадағалауымен машина құрастыру саласының тәжірибелі мамандары қамтамасыз етеді.
Жыл басынан бері Алматының индустриалды аймағында Hyundai Trans Kazakhstan зауыты 20 680 көлік шығарды. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 10 мың, ал 2023 жылы 40 мың автокөлік шығару жоспарлануда. Бұл ретте Қазақстанда Hyundai брендінің сатылымы 20 334 бірлікті құрады, бұл өткен жылғы кезеңнен 14,5%-ға артық.
Қазіргі уақытта «Астана Моторс» Алматының индустриалды аймағында Youngsan, Motrex, Норпласт шетелдік серіктестерімен бірлесіп HYUNDAI автомобильдеріне арналған тағы үш автомобиль орындықтарын, полиуретанды кілемшелерді, қаптамаларды, шашыратқыштарды және мультимедиялық жүйелерді шығаратын зауыттың құрылысын жобалауда. Жобаға инвестиция $15 млн. құрайды, кәсіпорындарда 175 жұмыс орны құрылады. Өндірістерді іске қосу 2024 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.
«Астана Моторс» жаһандық мақсаты – өндірілетін автомобильдердегі қазақстандық қамтуды арттыру. Өндіріс көлемін ұлғайту үшін компания Қытайдың үш көлік шығаратын зауыт салуға кіріседі: Changan – өндіріс көлемі бойынша ҚХР-дағы №1 бренд, Chery – ҚХР-дағы экспорт бойынша көшбасшысы және Haval – қытай нарығында 4-ші орында тұрған Great Wall Motor автоконцернінің қосалқы бренді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты дәнекерлеу және бояу әдісімен өндірілген жылына 90 мың автокөлікті құрайды. Жоспар бойынша зауыт 2025 жылы ашылады, онда 2,2 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Айта кетерлігі, қазір Hyundai Trans Kazakhstan зауытында 800 адам жұмыс істейді.
Алматының индустриалды аймағында тамақ өнеркәсібі саласында жақсы танылған кәсіпорындардың бірі – «Бижан» ет өңдеу зауыты. Жыл сайын «Бижан» ЕӨЗ 5 мың тонна өнімді өндіреді.
Жыл сайын Алматының индустриалды аймағындағы «Бижан» ет өңдеу зауыты 5 мың тоннадан астам өнім өндіреді. Ассортиментте шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттардың 100-ге жуық атауы бар.
Өнімнің үнемі жоғары сапасы 3 негізгі фактор есебінен қамтамасыз етіледі:
1.Меншікті шикізат.«Бижан» МӨЗ-нің Ақмола облысында өзінің бордақылау алаңы мен сою цехы бар, яғни ГМО, соя және басқа да зиянды қоспалары жоқ шұжықтарға арналған ет.
2.Ең жаңа жабдық.Зауыттың технологиялары қазақстандық ғана емес, еуропалық стандарттарға да сай келеді. Тәулігіне оның қуаты 20 тонна шұжық өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.
3.Адамдар.Бүгінгі таңда кәсіпорында 250 адам жұмыс істейді, олардың әрқайсысы өз ісінің жоғары кәсіби маманы.
«Біздің өніміміз көптеген марапаттарға ие, оның ішінде республикалық деңгейдегі «Қазақстанның үздік тауары» айырым белгісі және ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығы бар», – дейді «Бижан» ЕӨЗ» ЖШС-нің бас директоры Хадиша Бижан.
Айта кетейік, Көкшетауда «Бижан» компаниясының шұжық және консерві өнімдерін шығаратын комбинаты да табысты жұмыс істеуде.
Биыл Алматы әкімі Ерболат Алматының индустриалды аймағындағы екі жаңа кәсіпорынды іске қосты.
Ерболат Досаев Алматыда бірден екі кәсіпорынның – тау-кен өндіру жабдықтарын өндіру және қызмет көрсету саласындағы әлемдік көшбасшының суперсервисі Weir Minerals және диагностикалық тест-жүйелерін өндіретін «Қаз-Диа-Тест» ЖШС-тің іске қосылуына қатысты.
Weir Minerals компаниясының әлемдік көшбасшысының супер сервисін Кazstroy Trade ЖШС Алматы индустриалды аймағындағы шағын өнеркәсіп саябағында жүзеге асырады. 2450 шаршы метр алаңда энергетикалық сектор, тау-кен өндіру саласы және жалпы мақсаттағы өнеркәсіп үшін шлам жабдығын шығару жоспарлануда: сорғылар, гидроциклондар, клапандар, елеуге арналған жабдық, резеңке және тозуға төзімді футеровкалар. Жоспарланған өндірістік қуаты – жылына600 бірлік өнім. Жобаға салынған жалпы инвестиция 1,25 млрд теңгені құрады. Кәсіпорын 60-тан астам жаңа жұмыс орнын ашады.
Жобаны іске асыру өз қызметінде тау-кен өндіру жабдығын қолданатын ірі компаниялардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
«Бұл – Орталық Азиядағы алғашқы зауыт. Weir Minerals-тың KAZAX Minerals және Kazzinc сияқты қазақстандық компаниялармен серіктес әрі мол тәжірибесі бар. Weir Minerals жабдықтары бұрыннан қалыптасқан және жергілікті мыс шахталарында сенімді жұмыс істейді. Енді отандық компаниялардың құрал-жабдықтарды сатып алуға және қызмет көрсетуге мүмкіндігі болады», – деді Ерболат Досаев өзінің құттықтау сөзінде.
Қала басшысы сондай-ақ «Қаз-Диа-Тест» ЖШС зауытының ашылуына қатысты, ол тест-жүйенің 4 түрін: экспресс-тест, ПТР-тест, ИФТ-тест, Петри тостағанын шығаратын болады. Зауыттың қуаттылығы – жылына 1,83 млн тест.Жобаның құны – 4,6 млрд теңге, оның 50%-ы – өз қаражаты, 50%-ы – қарыз қаражаты. 65 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.
«Мұндай жобаны іске асыру, әсіресе соңғы жылдардағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, дер кезіндегі әрі өзекті шешім болып табылады. Коронавирус пандемиясы «Басты байлық – денсаулық» екенін нақты көрсетті. Сондықтан жеке тестілеу жүйелерінің болуы – Алматы қаласы ғана емес, бүкіл Қазақстан және жалпы денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды қадам», – деді қала басшысы кәсіпорынның ашылу салтанатында.
Ерболат Досаев индустриалды аймақтың басқарушы компаниясына өндірістік кәсіпорындардың жұмысы үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды.
(ақпарат Indzone.kz-тен алынды)