AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы ХҚКО-да заңдылықты қалай бақылап жатыр?

Алматы ХҚКО-да заңдылықты қалай бақылап жатыр?

Барлығы 31.07.2025, 13:54 714 Сұлу
Алматы ХҚКО-да заңдылықты қалай бақылап жатыр?
«Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі

Әділет департаменті 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген бақылау мен қадағалау жұмысының қорытындысын шығарды.

Нотариустар, адвокаттар, құқықтық консультанттар қызметі мен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасы басты назарда болды. Статистикаға қарағанда, тексеру жағы қатайып, азаматтардың шағымдары да үзбей қаралып, заң бұзушылықтың жолын кесе бастаған. Өңірлік коммуникациялар қызметінде   Әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева осылай деді.

Алматыда қазір 964 нотариус жұмыс істейді. Алайда олардың бәрі бірдей заңды сақтай бермейді. Осы кезеңде нотариустардың әрекетіне қатысты 419 шағым түскен. Оның 27-сі расталыпты. 4 нотариустың лицензиясы тоқтатылып, тағы 8 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Лицензиядан айыру туралы іс қозғалып, нотариустардың өз өтініші бойынша лицензиясын тоқтатқан. Бір нотариус сот шешімімен лицензиясынан айырылған, бірақ бұл шешім әлі күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, нотариустардың 23-іне нотариалдық қызметтерді орындау кезінде заң бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Былтыр мұндай істің саны 18 болған.

Алматыда адвокаттар саны сол күйі 1100 адам болып қалды. Оларға бар болғаны 11-ақ шағым түскенімен, біреуіне тәртіптік жаза қолданылды. Жеке сот шешімі бойынша тағы бір адвокат айыпталып, сөгіс алды, бір іс заң бұзбағанына байланысты тоқтатылды. Сот шешімімен үш адвокат лицензиясынан айырылып, тағы екі адвокат басқа себеппен жұмысын тоқтатты.

Құқықтық консультанттарға қатысты 75 шағым түсіп, оның 3-і ғана  расталды. Ескерту, сөгіс беріліп, бір консультант Палатадан шығарылды. Жеке сот шешімі бойынша тағы үш консультант жауапкершілікке тартылып, біреуі ұйымның мүшелігінен шығарылды.

Бақылау жұмыстары халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін де қамтыды. Алматыда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдарына бірнеше жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның біреуі жылжымайтын мүлік тіркеу саласына қатысты болып, 106 бұзушылық анықталды. Материалдар тіркеу органына жіберіліп, кемшіліктерді жойып, болашақта мұндай жағдайдың қайталанбауын  қамтамасыз ету талап етілді. Азаматтық жағдай актілерін тіркеу бойынша да осындай тексеру жүргізілді. Бұл салада бұзушылық аз, бар болғаны бесеу.

Жалпы алғанда, бақылау органдары құқықтық қызметтердің сапасы мен тіркеу рәсімдерін бақылауды күшейтіп жатыр. Әр заң бұзушылыққа ескерту мен сөгістен беруден бастап лицензиядан айыруға дейінгі шара қолданылады. Бұл заңгерлерге ғана емес, құқық саласында жұмыс істейтін барлық мамандарға ескерту. Қай-қайсысы болсын ережені сақтап, заң шеңберінде сапалы қызмет көрсетуі тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ХҚКО #нотариус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы төрінде астаналық камералық хор өнер көрсетті

Бүгін 14:59

Алматыда ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға Жеңіс күніне орай материалдық көмек көрсетілді

Бүгін 14:33

Роман Скляр президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Бүгін 12:40

Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 12:02

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Бүгін 11:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);