Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы хореографиялық училищесіне жаңа басшы таға...

Алматы хореографиялық училищесіне жаңа басшы тағайындалды

Барлығы 13.06.2025, 13:56 646
Алматы хореографиялық училищесіне жаңа  басшы тағайындалды
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бұйрығымен Александр Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директоры қызметіне Ая Жәкенқызы Қалиева тағайындалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ая Қалиева — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты, іскерлік әкімшілік магистрі (MBA), профессор, бірнеше ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының авторы.

1990 жылы П. И. Чайковский атындағы музыкалық училищесінде, 1995 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «композиция» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын музыкалық колледжде оқытушылық қызметтен бастаған. Кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында кафедра меңгерушісі, декан болды.

2008 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін, 2015 жылы Almaty Management University-де іскерлік әкімшілік магистрі (MBA) дәрежесін алған.

Кейінгі жылдары елдегі жетекші мәдениет және білім беру мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған:
– 2010–2015 жылдары — П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры;
– 2015–2018 жылдары — А. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директоры;
– 2018 жылы — Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры;
– 2018–2021 жылдары — Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының директоры.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алматы хореографиялық училищесі #директор #тағайындау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан ұсталды

Бүгін 11:12

6 "Калашников" автоматы: ҰҚК жыл басынан бері 118 қару тәркіледі

Бүгін 10:55

"Осы дұрыс": Министр 1-сыныпқа баратын оқушыларға қатысты маңызды шешім қабылдады

Бүгін 10:46

Танымал әншінің жалғыз ұлы жоғалды: полиция не дейді?

Бүгін 10:24

WorldSkills Almaty – 2026 қорытындыланды: 470-тен астам қатысушы және 57 құзырет

Бүгін 10:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика