AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы халықаралық әуежайында көктемгі-жазғы авиац...

Алматы халықаралық әуежайында көктемгі-жазғы авиация маусымы басталды

Әлеумет 07.04.2023, 17:14 837
Алматы халықаралық әуежайында көктемгі-жазғы авиация маусымы басталды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Осы және  биылға арналған даму жоспарлары жайында егжей-тегжейлі Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы Альп халықаралық әуежайының президенті Альп Ер Тунга Ерсой айтып берді, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Спикердің айтуынша, өткен жылы Алматы әуежайы 7 миллионнан астам жолаушыны қабылдап, 64 мыңнан астам рейс жасаған.



«30 наурыздан бастап көктем-жаз маусымы басталды. Биыл бізге 8 миллионнан астам жолаушы келеді деп  болжап отырмыз. 67 бағыт бойынша 70 мыңнан астам әуе рейсі және 94 мың тонна жүк рейсі күтілуде. Біз сонымен бірге жаңа бағыттар бойынша дамуды да жоспарлап отырмыз: Ашхабад, Ереван, Карачи, Кутаиси, Лахор, Маскат, Кайрол және Сиам», - деді хабарлады Алматы халықаралық әуежайының президенті.



Қазіргі таңда ең танымал халықаралық бағыттар: Стамбул, Дубай, Анталия, Мәскеу және Ташкент рейстері. Ішкі рейстердің қатарында Астана, Шымкент, Ақтау, Атырау және Ақтөбе бар.


Сондай-ақ спикер әуежайда жаңа терминал құрылысы жүріп жатқанын, жұмыс 53 пайызға орындалғанын айтты. Бұл жұмыстар келесі жылдың жазына дейін аяқталады деп күтілуде.


Сондай-ақ, әуежайдағы автотұрақ пен пандустарды қайта жаңғырту мәселелеріне де ерекше тоқталды. Әуежай басшылығы пандустарды жөндеу жұмыстары осы жаздың ортасында аяқталатынын атап өтті. Бұл ретте олар халықаралық рейстерге пайдаланылатын жаңа пандус салуды жоспарлап отыр.



«Жаңа VIP-терминалдың құрылысы аяқталғаннан кейін оның оңтүстік бөлігі автотұрақ үшін пайдаланылатын болады. Екінші пандус салынғаннан кейін тұрақ орны кеңейіп, тұрақ мәселесі шешіледі деп күтеміз», - деді спикер.



Қазір әуежай басшылығы цифрландыру мәселесіне көңіл бөлуде. Мәселен, құрылыс жүріп жатқан терминалда электронды өзін-өзі тіркеу бекеттері мен сандық жүк жүйесін орнату жоспарлануда. Осыған ұқсас жүйелер жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қолданыстағы терминалға да орнатылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әуежай #Ерсой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Томирис Нұржан ITF Juniors турнирінің жеңімпазы атанды

Кеше 19:45

ШҚО-да үздік жас жол инспекторлары анықталды

Кеше 19:41

Мағжан Жұмабаевқа арналған Солтүстік Қазақстан және Омбы облыстары студент жастарының халықаралық слеті өтті

Кеше 19:28

Алматы инклюзивті орта құруға бет бұрды

Кеше 18:30

Қалаға тарту болған вальс: түлектер Алмалы ауданын 90 жылдығымен құттықтады

Кеше 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);