AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы хайуанаттар бағында «Жаңғақты күз» акциясы...

Алматы хайуанаттар бағында «Жаңғақты күз» акциясы басталды

Әлеумет 18.10.2023, 07:33 1,164
Алматы хайуанаттар бағында «Жаңғақты күз» акциясы басталды
Сурет: sdgs.abaiuniversity.edu.kz

Алматы хайуанаттар бағында жануарларға жаңғақ жинау акциясы жарияланды.


Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі БАҚ өкілдері үшін баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Хайуанаттар бағының орталық кіреберісінде қабылдау пункті орналасқан, онда кез келген адам жиналған жаңғақтарын тапсыра алады. Мұнда жаңғақтар өлшенеді және жануарлар жейтін тағамдар әкелгендер туралы мәліметтер жазылып алынады. 


3 кг жаңғақ үшін бір бала хайуанаттар бағына билет алады, ересек адамға 7 кг жаңғақ үшін билет беріледі. Билеттерді 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін пайдалануға болады.



«Қалалық саябақтар мен алаңдарда жаңғақтар пісті. Алматының көшелері мен тротуарлары үшін бұл қоқыс, ал Алматы хайуанаттар бағының көптеген жануарлары үшін  құнарлы калориялы азық.  Сондықтан 5 қазаннан 7 қарашаға дейін хайуанаттар бағы жыл сайынғы «Жаңғақты күз» акциясын өткізеді және қала тұрғындары мен қонақтарына жаңғақты дайындауға көмек сұрап жүгінеді», – деді қоғаммен байланыс  және даму бөлімінің басшысы Ақжами Рахимова.



Акция соңында хайуанаттар бағының қызметкерлері іс-шараны қорытындылап, жаңғақты көп жинағанды шағын бағалы сыйлықтармен және грамотамен марапаттайды.


Мал азығына тапсырылатын жаңғақтар жануарларды тамақтандыруға жарамды және мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
- таза, піскен және құрғақ болуы керек;
-  түсі табиғи, көгермеген болуы керек,
- арасында жапырақ, тас, бұтақтар мен қоқыс болмауы керек,
Сондай-ақ, улы химикаттармен және пестицидтермен өңделмеген болуы керек.


Егер хайуанаттар бағындағы  жануарларға арналған акция ұйымдастырылған бірінші жылы 3,5 тонна жаңғақ жинаса, 2016 жылы 7 тонна  жиналып, рекорд орындалды. Биыл қазан айының басынан бері 473 келі жиналды.



«Бұл негізгі азық емес, бұл акция хайуанаттар бағына келушілерді тарту үшін және әрбір келушінің хайуанаттар бағының өміріне атсалысушы ретінде сезінуі үшән қолға алынған. Акция алматылықтар арасында кеңінен таралғаны соншалық, қыркүйек айының басынан бастап тұрғындар жаңғақтары жинап, көп мөлшерде әкеледі», - деп бөлісті А.Рахимова.



Жиналған жаңғақтармен тұяқты жануарлар қоректенеді: бұғы, елік, қабан, ақбөкен, тіпті түйелер мен керіктер де жейді. 


Баспасөз туры барысында хайуанаттар бағының қызметкерлері шағын экскурсия өткізіп, журналистерге жануарларды қалай тамақтандыратынын нақты көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңғақ #акция #Хайуанаттар бағы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Кеше 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Кеше 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Кеше 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Кеше 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Кеше 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика