AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы хайуанаттар бағында жаңа жануарлар түрі көб...

Алматы хайуанаттар бағында жаңа жануарлар түрі көбейіп, келушілер саны артты

Барлығы 28.01.2026, 12:37 421 Сұлу
Алматы хайуанаттар бағында жаңа жануарлар түрі көбейіп, келушілер саны артты
Алматы әкімдігі

2025 жылы зообақта 31 түрлі жануардан 87 төл дүниеге келді. Сондай-ақ, зообақ коллекциясы жыл сайын жаңа және сирек кездесетін бизон, тамандуа, цивета, генета, агама сияқты түрлермен толықтырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиев мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Алматы хайуанаттар бағы – Қазақстандағы ең көне және беделді зообақтардың бірі. Аумағы 21 гектарды қамтитын хайуанаттар бағында қазіргі уақытта 385 түрге жататын 4000-нан астам жануар, құс және бауырымен жорғалаушылар бар. Олардың 76 түрі Халықаралық табиғатты қорғау одағының қауіпсіздік тізіміне, ал 24 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

"2025 жылы зообаққа келушілер саны 1,2 миллион адамға жетті. Бұл біздің зообақтың елдегі және аймақтағы танымалдығын айқын көрсетеді. Жыл сайын келушілер санының өсуі – біздің жұмыстарымыздың және табиғатты қорғау миссиямыздың көрінісі", - деді басқарма басшысы Данияр Алиев. 

2025 жылы Алматы хайуанаттар бағы Еуропалық зообақтар мен аквариумдар қауымдастығының толыққанды мүшесі ретінде қабылданды. Бұл мәртебе зообақтың халықаралық стандарттарға сай екенін, жануарларды қорғау және ғылыми зерттеулерде жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізетінін растайды.

Алматы хайуанаттар бағы биыл ауқымды реконструкциядан өтеді. Жобаның мақсаты – келушілерге ыңғайлы, заманауи және білім беру тұрғысынан бай тәжірибе ұсыну. Жобаның аяқталуымен зообақ жылына 2 миллионға дейін адамды қарсы ала алады. 

Алматы хайуанаттар бағы – табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыратын, балалар мен ересектерге білім мен әсер қалдыратын ерекше орын. Жаңа кезеңде зообақ тек Алматының ғана емес, бүкіл Орталық Азияның ең ірі және заманауи орталығына айналуы күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Зообақ #Жануар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Кеше 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кеше 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Кеше 15:18

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Кеше 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);