Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Almaty Food Fest биыл үшінші рет өтіп жатыр

Almaty Food Fest биыл үшінші рет өтіп жатыр

Әлеумет 24.08.2024, 13:21 1,441
Almaty Food Fest биыл үшінші рет өтіп жатыр
Сурет: Қайрат Қонысбаев

Бүгін және ертең — екі күн бойына салтанат құратын Almaty Food Fest атты “тәтті де дәмді” халықаралық гастрономиялық фестиваль Республика сарайының алдындағы Абай алаңын сән-салтанатқа бөлеуде. 

Фестивальге әлемнің сан түрлі асханаларының тағамын ұсынатын 50-ге жуық мейрамхана мен 30-дан астам фермерлік және hand-made дүңгіршектері қатысуда. Іс-шара қонақтары арасында байқаулар, түрлі ұтыс ойындары өтуде. Алматылықтар мен қала меймандары шеберлік дәрістеріне де қатысып, аспаздық шоу мен музыкалық қойылымдарды тамашалай алады.

Фестивальде шетелдік тағамдардан және әлбетте, қазақтың ұлттық тағамдарынан да дәм татуға болады. Ал балалар үшін аниматорлар өнер көрсететін арнайы аймақ ұйымдастырылған. 
Almaty Food Fest фестивалі биыл үшінші рет өтуде. Биылғы фестивальде Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің аспаздары арасында өтетін қызықты барбекю байқауы іс-шараның тұздығы болатын секілді.

«Халықаралық гастрономиялық фестиваль шетелдік қонақтар мен қала тұрғындарына еліміздің тарихын, мәдениетін, дәстүрін және салт-дәстүрін, өмір салтын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, фестиваль Алматыны әлемнің гастрономия картасында насихаттауға үлес қосып, ішкі және сыртқы туризмді дамытуға, сондай-ақ елімізге танымал халықаралық мейрамхана рейтингтерінің өкілдерін тартуға септігін тигізеді», – дейді француздық бас аспаз Жером Кустияс.

Алматы қаласының Туризм басқармасы Almaty Food Fest – 2024 фестиваліне екі күн ішінде 15 мыңнан астам адам қатысады деп болжап отыр.

“Біздің La Tartine дәстүрлі француз нан өнімдерін пісіреді. Тәтті тоқаштарымыз ашытқысыз, ерекше рецептпен дайындалады. Алматының барлық сауда-ойын-сауық орталығында сатылады. Бұл халықаралық фестивальге бірінші рет қатысып тұрмыз. Біздің нан өнімдерінен отандастарымызбен бірге шетелдік меймандар да ауыз тиіп, дәміне тамсанып жатса, қуанамыз”, — дейді гастрофестивальге ыстық нан өнімдерін ала келген La Tartine өкілі Әсел Қабашева.

“Тәтті де дәмді” фестиваль баршаңызды күтеді!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Almaty Food Fest #гастрономиялық фестиваль #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазына іздеген қазақтар

Бүгін 15:50

Тоқаев Саясат Нұрбекті қабылдады

Бүгін 15:17

Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жөніндегі кеңесі өтіп жатыр

Бүгін 14:53

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика