AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы еріктілері жылды қайырымды істермен бастады

Алматы еріктілері жылды қайырымды істермен бастады

Әлеумет 24.01.2025, 18:13 816 Bakyt
Алматы еріктілері жылды қайырымды істермен бастады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда жастар коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай таратты

22-23 қаңтар күндері Алматыда жауған қалың қардан кейін қала тұрғындары мен жергілікті еріктілер бір-біріне шынайы қолдау көрсетіп, қамқорлық танытты. Қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп, жолдарды қардан тазалап, негізгі магистральдарда кептелістердің алдын алуға тырысты. Қызметкерлер тәулік бойы еңбек етіп, қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етті.

Қолайсыз ауа райына қарамастан, жүзге жуық ерікті жалғызбасты зейнеткерлердің үйіне барып, ауласвн қардан тазалауға көмектесті.

«70-тен асқан кезде қар күреу оңай емес. Еріктілердің бей-жай қалмай, көмекке келгеніне қатты риза болдым. Олар қол көмегімен қатар, жүрек жылуын жеткізді, жылы сөздері аязды күні жаныңды жадыратады. Өзімді қамқор қаланың тұрғыны сезіндім», – деді зейнеткер Елена Константиновна.

Жастар коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй мен тамақ таратып қана қоймай, жаяу жүргіншілер жолын қардан тазалауға да көмектесті.

Бұл қамқорлықты көрген қала тұрғындары да қайырымдылық шараларына атсалысты. Көпшілігі азық-түлік, қар тазалауға арналған құрал-жабдықтар ұсынып немесе көршілеріне көмектесіп, береке-бірліктің, қамқорлықтың үлгісін көрсетті.

Мұндай іс-шаралар Алматы үшін таңсық емес. Қаланың еріктілері қыс мезгіліндегі табиғи апаттарда ғана емес, жылдың кез келген уақытында көмек көрсететін түрлі шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Олар әлеуметтік жобаларға қатысып, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеді, аз қамтылған азаматтарға киім-кешек пен азық-түлік жинауды ұйымдастырады.

«Біз көмек қажет екенін көріп, бей-жай қарай алмаймыз. Еріктілік – бір реттік акция емес. Бұл біздің қаламыздың дамуына, тұрғындар арасындағы жылы қарым-қатынасқа қосқан үлесіміз. Осылайша, біз кейде байқамайтын аула сыпырушылардың, тазалықшылардың, коммуналдық қызметкерлердің күнделікті еңбегін бағалауды үйренеміз. Алматы – бәріміздің ортақ үйіміз, бір-бірімізді қолдап, сүйікті қаламызға бірге қамқор болайық!» – дейді «Qamqor charity» қорының еріктісі Зере Мақсұтхан.

Алматыдағы қалың қар қала үшін сынақ болғанымен, адамдарға өздерін көрсетудің тамаша мүмкіндігіне айналды. Осындай сәттерде бірлік пен бір-біріне көмек көрсету ерекше маңызға ие. Алматы еріктілері бірнеше жыл бойы күнделікті өмірде қаланың нағыз батырлары атанып, жайлы шаһарға айналдырып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #волонтер #қамқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);