AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы депутаттары Медеу мен Шымбұлаққа көлікпен к...

Алматы депутаттары Медеу мен Шымбұлаққа көлікпен кірудің жаңа тәртібін қолдады

Алматы Бүгін 10:55 39
Алматы депутаттары Медеу мен Шымбұлаққа көлікпен кірудің жаңа тәртібін қолдады
Алматы әкімдігі

Жаңа тәртіп бойынша іштен жану қозғалтқышы бар көліктердің кіруіне шектеу қойылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары «Медеу» өңірлік табиғи паркі мен «Шымбұлақ» шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына көлікпен кіруді реттейтін жаңа тәртіпті қолдады.

Шешім жобасын мәслихат сессиясында Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Аршат Бахтыгереев таныстырды. Оның айтуынша, жаңа тәртіптің негізгі мақсаты – ерекше қорғалатын аумақтарға түсетін көлік және антропогендік жүктемені азайту.

Жаңа талаптарды енгізуге 2026 жылы 12 маусымда Конституциялық Соттың бұрынғы шектеуге қатысты шығарған қаулысы негіз болды. Сот 2016 жылы әкімдік қаулысымен белгіленген шектеуді Конституцияға сәйкес емес деп танып, мұндай шешімдерді мәслихат қабылдауға тиіс екенін және тұрғындардың құқығы ескерілуі қажет екенін атап өтті.

«Біз бұрынғы тәртіпті жай ғана сақтап қалуды емес, экологиялық жағдайды, заң талаптарын және тұрғындардың құқығын ескере отырып, көлік жүктемесін реттеудің заңды тетігін енгізуді ұсынып отырмыз», – деді Аршат Бахтыгереев.

Басқарма мәліметінше, бақылау-өткізу пункті арқылы тәулігіне шамамен 700 көлік өтеді. 2026 жылдың сегіз айында 179 024 көліктің өткені тіркелген. Ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 76 606 болған.

Жаңа тәртіп бойынша іштен жану қозғалтқышы бар көліктердің кіруіне шектеу қойылады. Электромобильдерге бөлек режим қарастырылған: жұмыс күндері кіруге рұқсат етіледі, ал демалыс және мереке күндері шектеу барлық көлік құралдарына қолданылады.

Бұл ретте жаңа тәртіп тұрғындардың мүддесін, сондай-ақ жедел, коммуналдық және арнайы қызметтердің жұмысын ескереді. Аталған аумақта 48 жеке тұрғын үй, «Қазгидромет» пен «Қазселденқорғауға» тиесілі қызметтік-тұрғын үй ғимараттары, сондай-ақ Тұйықсу шатқалындағы нысандар орналасқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда автокөліктерді эвакуациялау ақысын төлеудің бірыңғай тәртібі ұсынылды

Бүгін 11:26

Алматыда тіркеу үшін бір адамға кемінде 15 шаршы метр нормативі бекітілді

Бүгін 11:21

Алматыда автотұрақ тарифін көлік жүктемесіне қарай белгілеу ұсынылды

Бүгін 11:11

Қырғызстанда Қазақстан медицинасының күндері: Алматы кардиологтары күрделі оталар жасады

Бүгін 11:10

Үкіметте медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу мәселелері қаралды

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);