AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Лайфстайл / Алматы дәрігерлері ауруларды ерте анықтау үшін скр...

Алматы дәрігерлері ауруларды ерте анықтау үшін скринингтен өтуге шақырады

Лайфстайл 31.03.2026, 16:05 733
Алматы дәрігерлері ауруларды ерте анықтау үшін скринингтен өтуге шақырады
Алматы әкімдігі

Алматыда тұрғындарға скринингтік тексерулердің маңыздылығы ескертілді. Алматыдағы №36 емхананың директоры Гүлжайнат Тілегеннің айтуынша, тұрақты диагностика ауруды ерте кезеңде анықтап, емді дер кезінде бастауға және асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, скрининг көбіне бастапқы кезеңде белгісіз өтетін кең таралған созылмалы және онкологиялық ауруларды анықтауға бағытталған.

Скринингтен өтуге арналған жас топтары:

30-74 жас — әйелдер (жатыр мойны обырына скрининг, әр 4 жыл сайын);

40-76 жас — ер адамдар мен әйелдер (артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторлары, әр 2 жыл сайын);

40-76 жас — әйелдер (сүт безі қатерлі ісігіне скрининг, әр 2 жыл сайын);

50-76 жас — ер адамдар мен әйелдер (колоректальды қатерлі ісікке скрининг, әр 2 жыл сайын);

50-76 жас — ер адамдар (ми қан айналымының бұзылуына скрининг, әр 2 жыл сайын).

Гүлжайнат Тілеген скринингтің негізгі мақсаты — ауруды алғашқы белгілер пайда болмай тұрып, ем тиімді кезеңде анықтау. Бұл ауыр асқынулардың алдын алып, науқастың өмір сапасын сақтауға көмектеседі.

Тіркелген емханаларда жүргізілетін скринингтік тексерулер денсаулық сақтаудың қолжетімді тәсілі саналады.

Дәрігерлер тұрғындарды профилактиканы кейінге қалдырмай, қажетті тексерулерден уақытылы өтуге шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #скрининг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);