Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында Алма...

«Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында Алматыда микро және шағын кәсіпкерліктің 659 жобасына қолдау көрсетілді

Барлығы 20.01.2026, 11:31 187
«Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында Алматыда микро және шағын кәсіпкерліктің 659 жобасына қолдау көрсетілді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Алматы» ӘКК» АҚ-ның еншілес ұйымы — «МҚҰ «Almaty» ЖШС 2025 жылы «Almaty Business – 2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Алматының шағын және микро бизнесіне 72 жеңілдетілген несие берді.

Жаңадан бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер бизнесін дамыту үшін жылдық 2% және 6% жеңілдетілген мөлшерлемемен қаржы алды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Өткен жылы берілген несиелердің жалпы көлемі 3,2 млрд теңгеден асты. Бір қарыз алушыға берілетін қаржыландыру лимиті 78,64 млн теңге, ал ең жоғары несиелеу мерзімі 7 жыл болды.

Салалық тұрғыда ең көп қаржыландырылған жобалар өндіріс және қайта өңдеу саласына тиесілі — бұл барлық қолдау тапқан жобалардың 32%-ы. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету саласындағы жобалар – 24% және денсаулық сақтау – 21% болды. Бұдан кейін білім беру – 8%, креативті экономика – 7%, сондай-ақ туризм мен спорт – әрқайсысы 4% болды.

«Almaty Business – 2025» бағдарламасы 2019 жылы іске қосылғалы бері «МҚҰ «Almaty» Алматыда жалпы сомасы 16,5 млрд теңге болатын 659 жобаны қаржыландырды. Әсіресе, ең үлкен қолдау өндірістік жобаларға – 29% және денсаулық сақтау саласындағы жобаларға – 16% бағытталды. Қаржыландырудың тағы 10%-ы әлеуметтік кәсіпкерлікке тиесілі, бұл жобалар жылдық 2% ең төменгі жеңілдетілген мөлшерлемемен несие алды.

Аумақтық бөліністе ең көп жоба Бостандық ауданында қолдау тапты — 141 несие. Одан кейін Алатау ауданы — 110, Алмалы — 88, Медеу — 80, Әуезов — 77, Наурызбай — 67, Жетісу — 49 және Түрксіб — 47.

МФО «Almaty»-дің жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында қалада шамамен 3 000 жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша қарыз алушылар бизнесін дамыту есебінен бюджетке шамамен 3 млрд теңге салық төледі.

Қазіргі уақытта «Almaty Business» бағдарламасын ұзарту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы қосымша хабарланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Almaty Business – 2025» #бағдарлама #шағын кәсіпкерлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 8 наурызға орай «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Бүгін 20:24

Алматы әкімдігінің өкілдері Абай шағынауданын неге жеке тұрғын үй құрылысы аймағына ауыстырмайтынын түсіндірді

Бүгін 18:34

Дархан Сатыбалды Алматыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыстады

Бүгін 18:31

Саясатта 17%, ғылымда 51%, кәсіпкерлікте 48%: Қазақстандағы әйелдер үлесі қанша?

Бүгін 18:17

Мәжіліс төрағасы әріптестерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі