Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы – біздің ортақ үйіміз»: мектеп бітіруші тү...

«Алматы – біздің ортақ үйіміз»: мектеп бітіруші түлектер ағаш отырғызды

Әлеумет 06.05.2024, 07:50 1,049
«Алматы – біздің ортақ үйіміз»: мектеп бітіруші түлектер ағаш отырғызды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Он бірінші сынып оқушылары ересек өмір жолын мектеп ауласына ағаш отырғызудан бастады.


Ағаш отырғызу түлектер арасында дәстүрге айналған. Әр жылдың мектеп бітірушілері білім ордасына деген алғыстарын осылай білдіреді. Биыл бұл үрдіс Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» калалық кампания аясында жалғасын тапты. 


Бүгінгі «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық эко-челленджі барысында алматылық түлектер 400-ден астам жеміс ағаштары мен 500-ге жуық гүл көшеттерін отырғызды. Осы орайда Бостандық ауданындағы №105 гимназияның түлектері де ауқымды науқанға өз үлестерін қосты. Олар акция аясында оқу ғимаратының ауласына 60-тан астам жеміс және туя ағаштарын отырғызды.


«Бұл тек қоғамдық пайдалы жұмыс емес, бізді оқытқан мектебімізді, сүйікті қаламызды көгалдандыруға және жақсартуға қосқан үлесіміз деп есептейміз. Бірнеше жылдан соң, мектебімізді сағынып келгенде осы ағаштардың жайқалып өсіп тұрғанын елестетсем, кеудемді қуаныш сезімі кернейді», - дейді №105 гимназияның 11 сынып оқушысы Алуа Төлеғұлова.


Жас түлектер осындай маңызды шараға үлкен жауапкершілікпен қарады. Әрқайсысы тың дайындықпен келген. Ағаштар шынайы көңілмен және аса қамқорлықпен отырғызылды. Олар енді тамырын тереңінен жайып, қаланың одан әрі жасыл желекке айналуына себеп болмақ . 



Экологиялық науқанға қолдау білдірген Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ляззат Жылқыбаева және Басшы орынбасары Бақытжан Биекова да №180, №105 мектеп түлектерімен бірге оқу ғимаратының ауласына жеміс ағаштарын отырғызды. 


Айта кетейік, биыл Алматыда 15 мыңнан астам оқушы (13106 –мемлекеттік мектептер, 2528 – жеке) 11 сыныпты аяқтап, алтын ұя мектебімен қоштасады. «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына қатысып, белсенділік танытқан мектеп бітіруші түлектерге алдағы емтиханнан сүрінбей өтіп, қалаған мамандықтарына түсуге тілектеспіз.



Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады. 


Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.


Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көктем #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика