AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы бюджеті әлеуметтік бағытын сақтайды

Алматы бюджеті әлеуметтік бағытын сақтайды

Әлеумет 06.12.2024, 14:27 552
Алматы бюджеті әлеуметтік бағытын сақтайды
Алматы қаласы әкімдігі

2025 жылы Алматы бюджетінің 40%-ы әлеуметтік салаға бағытталады

Алматы мәслихаты 2025-2027 жылдарға арналған бюджетті бекітті. Құжатқа сәйкес, келесі жылы Алматыда әлеуметтік салаға 851,9 млрд теңге қарастырылған, бұл қала бюджеті шығындарының шамамен 40%-ы. Осылайша, 2025 жылы әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы 15%-ға артады. 2024 жылы әлеуметтік салаға 741,2 млрд теңге, ал 2023 жылы 664,5 млрд теңге бөлінген еді.

Бұл соманың ішінде денсаулық сақтау саласына 55,8 млрд теңге бөлінді.

2025 жылы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға бөлінетін қаржы 15%-ға ұлғайтылады. Сондай-ақ, 1326 дәрігер мен медицина қызметкерлерін үш деңгейлі оқыту бағдарламасын іске асыру жалғасады.

Жаңа бюджеттің бір бөлігі №4 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының, екі отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның және Бостандық ауданындағы күніне 500 адам қабылдайтын жаңа емхананың құрылысын аяқтауға жұмсалады. Қалалық медициналық мекемелер қажетті дәрі-дәрмекпен және жабдықтармен, соның ішінде вакциналар мен иммунопрофилактикаға арналған препараттармен қамтамасыз етіледі.

Сирек кездесетін аурулары бар 4 мыңнан астам пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. 2025 жылы жедел жәрдем автопаркын жаңарту жалғасады, бұл мақсатта 50 көлік сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары 20 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеу көзделген, оның 10-ын 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласындағы 30 жаңа және ескірген нысанды жобалау жұмыстары да жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бюджет #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда

Бүгін 21:42

Наурыз мерекесі аясында Алматыда жас таланттар өнер көрсетті

Бүгін 21:35

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика