Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы белсенділері қалалықтарға гуманитарлық көме...

Алматы белсенділері қалалықтарға гуманитарлық көмек көрсетуде

Әлеумет 11.01.2022, 05:54 1,086
Алматы белсенділері қалалықтарға гуманитарлық көмек көрсетуде
Almaty-akshamy.kz

Алматыда Nur Otan партиясының мүшелері кәсіпкерлер, меценаттар, мәслихат депутаттары және қоғам белсенділері әскери қызметшілерге, патрульдік-күзетшілерге, метрополитен мен қаланың коммуналдық қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда.


Jas Otan жастар қанаты еріктілерінің күшімен екі мыңнан астам әскери қызметші, құқық қорғау органдары мен коммуналдық жұмыс қызметкерлері осы жылдың 6 қаңтарынан бастап үздіксіз ыстық тамақпен қамтамасыз етілді,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Гуманитарлық көмекпен Алматының он жоғары оқу орны мен колледждерінің 2 мың студенті қамтылды.



Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының мүшелері мен партияның Алматы қалалық филиалының белсенділері, сондай-ақ Праймериз қатысушылары Аида Бекманова, Бақтияр Блаев, Бақытбек Жұмабаев және Талғат Тілешев және басқалары аудандық әкімдіктермен және "Rahym" әлеуметтік үйімен бірлесіп, тұрмысы төмен және мұқтаж алматылықтарға бірінші кезекте қажетті азық-түлікпен және ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті.


"КазФерроСталь" ЖШС жанындағы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қайырымдылық мұқтаждықтарына және қаланы абаттандыруды қамтамасыз етуге 4,5 млн теңге, ал «АЗМК» ЖШС жанындағы бастауыш партия ұйымына 6 млн теңге бөлді. Әуезов ауданында аз қамтылған тұрғындарға 6,5 млн теңгеге, Наурызбай және Алатау аудандарында 5,5 млн теңгеге көмек көрсетілді.


Осы сағатта Алматы қаласының барлық аудандарына шамамен 30 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиевтің айтуынша, алматылық партиялықтар өзара іс-қимыл мен алғашқы көмек көрсетуді жалғастырады. Сонымен қатар, Nur Otan партиясы қалалық филиалы жанында жедел желі телефондары жұмыс істейді, 279-78-00, +7 777 640 78 52

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кәсіпкерлер #меценаттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика