AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы балабақшаларында қызылшаға қарсы вакцина ал...

Алматы балабақшаларында қызылшаға қарсы вакцина алуға бақылау күшейтілуде

Әлеумет 28.08.2024, 14:05 2,306 Bakyt
Алматы балабақшаларында қызылшаға қарсы вакцина алуға бақылау күшейтілуде
almaty-akshamy.kz

Алматыда мектепке дейінгі балалар мекемелерінде ұжымдық иммунитеттің сақталуына бақылау күшейтілді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Жайдаркүл Отарбекова айтып берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оның айтуынша, өткен жылы қызылша ауруының жағдайлары 200 мектепке дейінгі балалар мекемелерінде тіркелді. Барлығы 248 бала науқастанды. Негізгі себебі - вакцинациямен қамтудың төмен деңгейі. 

Бұл жағдайдың себебі мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балаларда вакцинацияның болмауы болып табылды. Мұндай жағдай ұйымдасқан балалар ұжымдарында әртүрлі вакцинамен басқарылатын инфекциялардың топтық, өршуіне әкелуі мүмкін, бұл 2023 жылы қызылша ауруының өршуін көрсетті», - де атап өтті Ж.Отарбекова. 

Осыған байланысты, қаланың санитариялық-эпидемиологиялық қызметі балабақшаларда ұжымдық иммунитеттің сақталуына бақылауды күшейтті. Қаланың 870 мектепке дейінгі балалар мекемесіне жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, оның нәтижесі бойынша 157 хаттама жасалды. 

Сонымен қатар, ата-аналар мен балабақша қызметкерлерінің вакцинацияның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру үшін семинарлар, дәрістер өткізіліп, әңгімелесулер жүргізілді.  Әлеуметтік желілердегі ақпараттық науқан да жанданды.

«Ата-аналармен және мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерімен 278 рет әңгіме жүргізіліп, қаланың аудан әкімдіктерінде ведомствоаралық комиссияның 10 отырысы өткізілді, мектепке дейінгі мекемеде табын иммунитетінің сақталмауы бойынша аудандық білім бөлімдеріне 11 хат дайындалды, «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерде қаладағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинацияның маңыздылығы, сондай-ақ профилактикалық екпелерден бас тартудың салдары туралы 90 ақпарат орналастырылды», - деп атап өтті ол. 

Қорытындылай келе, ӨКҚ спикері ата-аналарды балаларын вакцинациялау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға және вакцинация күнтізбесін сақтауға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балабақша #бала #қызылша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);