AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы Азаматтық Альянсы қалалық мәселелерді шешуг...

Алматы Азаматтық Альянсы қалалық мәселелерді шешуге қалай көмектеседі?

Әлеумет 20.02.2025, 12:27 935 dulatbekova
Алматы Азаматтық Альянсы қалалық мәселелерді шешуге қалай көмектеседі?
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы Азаматтық Альянсы қоғамдық диалогты қалай нығайтып, Тұрақты даму мақсаттарын қалай енгізуде?

2024 жылы Алматы Азаматтық Альянсы Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша қоғамдық мониторинг орталығын іске қосты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Орталық үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) жобаларының тиімділігін талдаумен айналысады. Бұл туралы Алматы Азаматтық Альянсының төрағасы Каиржан Абдыхалыков Өңірлік коммуникациялар қызметінде (ӨКҚ) өткен баспасөз конференциясында айтты.

Ұйымның басты мақсаты – мемлекеттік құрылымдар, ҮЕҰ және азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту арқылы әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді бірлесіп шешуге ықпал ету. Сонымен қатар, Альянс экология, инклюзивті білім беру және қоғамдық бастамаларды қолдау бағытында да белсенді жұмыс жүргізуде.

Альянс жұмысына әртүрлі ҮЕҰ мен белсенді азаматтар қатысады. Қаланың маңызды мәселелерін талқылауға тұрғындарды тарту үшін қоғамдық тыңдаулар, дөңгелек үстелдер және форумдар ұйымдастырылады.

2023 жылдың маусым айында Алматыда «Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру» тақырыбында XIII Азаматтық Форум өтті. Онда аймақтағы тұрақты дамуға қол жеткізудің стратегиялары мен жолдары қарастырылды.

«Келесі форум мамыр-маусым айларында өтеді деп жоспарлануда. Ол Алматыдағы азаматтық қоғамның институционалдық мәселелері мен даму перспективаларына арналмақ. Форум қарсаңында өзекті тақырыптарды талқылайтын бірқатар дөңгелек үстелдер мен диалогтық кездесулер өткіземіз. Бұл диалог алаңдарына өзара сындарлы пікір алмасу мен шешім іздеуге жәрдемдесу мақсатында құрылған Үйлестіру кеңесі мен Алматы сарапшылар клубы белсенді қатысады», – деп атап өтті К. Абдыхалыков.

Альянстың басым бағыттарының бірі – экологиялық мәселелерді шешуге жәрдемдесу, инклюзивті білім беруді қолдау және әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Альянс ҮЕҰ және еріктілермен бірлесіп, қаланы көгалдандыру және аумақтарды тазалау шараларын ұйымдастыруда. Бұл іс-шараларға жастар мен белсенді азаматтар кеңінен тартылуда.

«Алматы Азаматтық Альянсы азаматтық қоғамды нығайтуда маңызды рөл атқарады. Ол мемлекеттік органдар мен халық арасындағы диалог алаңы ретінде жұмыс істейді. Ұйым мемлекеттік құрылымдардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, билік пен қоғам арасындағы ынтымақтастықты жақсартуға бағытталған заңнамалық бастамаларды әзірлеу және ілгерілету ісіне белсене қатысады», – деді ӨКҚ спикері.

2025 жылы ТДМ жүзеге асырылу мониторингін жалғастыру, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам жобаларының тиімділігін бағалау жоспарланып отыр. Әсіресе, ҮЕҰ өкілдерінің білімін жетілдіруге, волонтерлік қозғалысты дамытуға және қоғамның әртүрлі секторлары арасындағы серіктестікті нығайтуға ерекше назар аударылады. Бұл жұмыстар тұрақты дамудың ортақ мақсаттарына қол жеткізуге бағытталатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Азаматтық альянс #мәселелер #Шешім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ресей Қазақстаннан баратын жүк тасымалдаушыларға жаңа талап енгізбек

Бүгін 11:23

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: сәрсенбіде елімізде ауа райы қандай?

Бүгін 10:13

Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Бүгін 09:08

Қазақстандық теннисші Томирис Нұржан ITF Juniors турнирінің жеңімпазы атанды

Кеше 19:45

ШҚО-да үздік жас жол инспекторлары анықталды

Кеше 19:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);