конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы әуежайының жолаушы қабылдау мүмкіндігі 2030...

Алматы әуежайының жолаушы қабылдау мүмкіндігі 2030 жылға қарай 19 миллион адамға дейін артады

Алматы Бүгін 15:41 39 yakiya
Алматы әуежайының жолаушы қабылдау мүмкіндігі 2030 жылға қарай 19 миллион адамға дейін артады

Алматы Қазақстанның жетекші халықаралық авиациялық хабы ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Халықаралық әуежайды ауқымды жаңғырту жұмыстарымен қатар, қала тікелей әуе бағыттарының географиясын кеңейтіп, туризмді дамытуға және іскерлік байланысты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер қалыптастырып отыр.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2026 жылдың алғашқы бес айында Алматы халықаралық әуежайының халықаралық терминалы 2,2 миллион шетелдік жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10%-ға жоғары. Осы уақыт аралығында 20,6 мың халықаралық әуе рейсі орындалып, олардың саны 8,6%-ға артқан.

Әуежайды одан әрі дамыту мақсатында жалпы инвестиция көлемі 362 миллион АҚШ доллары болатын Алматы халықаралық әуежайын 2029 жылға дейін жаңғырту жоспары бекітілді.

Жаңғырту аясында бірқатар ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Т2 терминалы жаңартылып, Т1 терминалы мен жабық автотұрақты жалғайтын жүргіншілер көпірі салынды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы қызмет көрсету аймағы ашылып, ішкі CIP-терминал іске қосылды. Бұдан бөлек, 340 автокөлікке арналған тұрақ қайта жаңартылып, әуежайдың іргелес аумағы көркейтілді.

2026 жылы жолаушылар инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Келу және жүк беру аймақтары жаңартылып, екінші қабаттағы тіркеу аймағы толықтай жаңғыртылды. Кіреберіске жаңа шатыр орнатылып, жүк терминалы мен әуе кемелерін мұздануға қарсы өңдеу инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ғалия Тоқсейітованың айтуынша, әуежайды жаңғырту жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартып, әуежайдың жолаушылар қабылдауын арттырумен қатар, халықаралық туристер санының өсуіне қажетті инфрақұрылымдық негіз қалыптастырады.

Халықаралық бағыттар желісін кеңейту де негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Алматы әлемнің 53 қаласымен тікелей әуе қатынасын қамтамасыз етіп отыр. Бұл мегаполисті өңірдегі ең қолжетімді авиациялық тораптардың біріне айналдырды.

Жыл басынан бері Шанхай, Ташкент, Пусан, Варшава, Даламан, Ларнака және Ереван қалаларына жаңа тұрақты және маусымдық рейстер ашылды. Сонымен қатар Самарқанд, Франкфурт және Сеул бағыттары бойынша әуе қатынасы қайта жанданды.

Жыл соңына дейін бағыттар желісі одан әрі кеңейе түседі. Жақын уақытта Алматы – Измир бағыты іске қосылса, күзде Қазақстанды бірден мүмкіндігі мол екі туристік нарықпен байланыстыратын Ханой – Алматы – Прага халықаралық бағыты ашылады.

«Халықаралық әуе қатынасын кеңейту Алматының көлік қолжетімділігін арттырып, туризмнің дамуына серпін береді, іскерлік байланысты нығайтады және қала экономикасының дамуына қосымша мүмкіндік ашады», – деді Ғалия Тоқсейітова.

Әуежайды кешенді жаңғырту және тікелей халықаралық рейстер желісін жүйелі түрде кеңейту Алматының Қазақстанның басты әуе қақпасы әрі Орталық Азиядағы жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әуежайы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің инфрақұрылымдық арқауының тағы бір мызғымас тірегі – көлік-логистика саласы

Бүгін 16:27

Құрылтай технологиялық прогрестің жетекші факторы болады

Бүгін 16:24

Мұны кезекті әкімшілік реформа деп түсінуге болмайды

Бүгін 16:22

Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тұтас бір дәуір

Бүгін 16:20

Алматының визит-орталықтары жаңа форматта жұмыс істемек

Бүгін 16:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);