Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әуежайына қақтығыс аймағынан 314 қазақстанд...

Алматы әуежайына қақтығыс аймағынан 314 қазақстандық жеткізілді

Әлеумет Бүгін 18:30 25
Алматы әуежайына қақтығыс аймағынан 314 қазақстандық жеткізілді
Самат Құсайынов

Алғашқы рейспен 314 отандасымыз Алматыға жетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әскери қақтығыстарға байланысты Таяу-Шығыс елдерінде қалып қойған Қазақстан азаматтарын қауіпсіз эвакуациялау сәтті жүзеге асуда. Алғашқы рейспен 314 отандасымыз Алматыға жетті. Қазақстан аймақ елдерінің арасында алғашқы болып өз азаматтарын елге қауіпсіз жеткізді.

Бүгін сағат 15:09-да SCAT әуе компаниясының Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейсі Алматы әуежайына сәтті қонды. Дубайдан эвакуацияланған жолаушыларды тағатсыздана күтіп тұрған туған-туыстары мен жақындары еріксіз көз жастарына ерік берді.

Біріккен Араб Әмірліктерінен елге қайтарылған отандастарымыз Қазақстан Президенті мен Үкіметіне алғыстарын білдірді. Олардың айтуынша, геосаяси турбуленттілік кезеңінде мемлекет тарапынан жедел шешім қабылданып, қауіпті аймақтағы азаматтар қараусыз қалмаған. «Президент пен Үкімет қиын сәтте бізді жалғыз қалдырмады», – деді елге оралған азаматтар.

«Отанымыздың қамқорлығы бізге үлкен демеу болды», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Карима Мурафиева. Ол әуежайда тұрып:

– Сиреналардың дауысы, жарылыстар, үйге жете аламыз ба деген алаң – барлығы қатты әсер етті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері бізбен байланысқа шыққан сәттен бастап сенім пайда болды. Көптеген өзге ел азаматтары әлі де сол жақта қалып қойғанын көрдік. Қазақстанның өз азаматтарына деген қамқорлығын сезіну – үлкен демеу болды. Дипломаттарымыздың жанашырлығының арқасында Оманға жөнелтілу туралы нұсқауды сабырмен күттік. Кейін кідірістер болса да, елге аман жеттік. Осындай сәтте бейбіт өмірдің, туған жердің қадірін түсінеді екенсің. Біз бастан өткерген жағдайды ешбір отандасыма тілемеймін, – деген ақжарма пікірін бөлісті.

Семей қаласының тұрғыны Жанат Төлеубеков те жұбайы және үш кішкентай баласымен елге оралды.

– 1 наурыз күні ұшып кетуіміз керек еді. Бірақ сол күні сиреналар қосылып, атыстар басталды. Бірден консулдық өкілдері хабарласып, нақты нұсқаулықтар берді. Бірнеше тәулік бойы алаңдаушылықта болдық. Сыртқы істер министрлігі мен туристік агенттік қызметкерлері Маскатқа жетуімізге көмектесті, ешқандай төлем алған жоқ. Ұшаққа отырғанға дейін толық сүйемелдеді. Осындай қамқорлық үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз, – деді Жанат Төлеубекова.

Қақтығыс аймағынан оралған азаматтар елдегі тыныштық пен татулықтың баға жетпес құндылық екенін баса айтып жатты. Әрі қиын шақта мемлекет жедел шара қабылдап, жалғыз қалдырмады деп ризашылықтарын білдірді.

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарын шетелден қайтару жұмыстары мүдделі мемлекеттік органдар мен әуе тасымалдаушылардың үйлестіруімен жалғасып жатыр. Құзырлы құрылымдар қауіпсіздікті басты назарда ұстап, әрбір азаматтың елге аман жетуін қамтамасыз етуде.

Аяжан Серік

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әуежайы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ӘСКЕРИ ПСИХОЛОГТЫҢ МИССИЯСЫ

Бүгін 18:37

Тоқаев тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Бүгін 17:42

Алматы жастары мен шетелдік діни білім: қауіп-қатер және алдын алу шаралары

Бүгін 17:15

Елімізде жаңа жедел нөмір іске қосылды

Бүгін 17:11

Әйелдер  мерекесінің тарихы

Бүгін 17:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі