Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / АЛМАТЫ АШАРШЫЛЫҚ ПЕН САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ...

АЛМАТЫ АШАРШЫЛЫҚ ПЕН САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Барлығы 31.05.2025, 11:48 624
АЛМАТЫ АШАРШЫЛЫҚ ПЕН САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Самат Құсайынов

31 мамыр күні Алматы қаласындағы Қарағайлы саябағында 1931–1933 жылдардағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Еске алу шарасына ғылыми және мәдени қауым өкілдері, жастар, қала тұрғындары мен тоталитарлық жүйе құрбандарының ұрпақтары қатысты.

Іс-шараның ашылуында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды сөз сөйледі.

— Бұл күн – халықтың қандай ауыр қасіретті бастан өткергенін еске салатын күн. Қуғын-сүргін мен ашаршылық туралы естелік тек архивтерде ғана емес, әр азаматтың жүрегінде сақталуы керек. Біз өткенімізді білу арқылы ғана жарқын болашаққа қадам баса аламыз, — деді қала басшысы.

Саябақта сәбиін құшағына алған әйелдің және аяқ жағындағы төңкерілген қазанды бейнелейтін мүсіндік композиция – қасірет, күйреген тұрмыс пен халықтық трагедияны бейнелейді. 2017 жылы орнатылған монумент авторлары – мүсіншілер Дулат Үсенбаев, Айдос Бүркітбаев және Қанат Бекұлы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Ханкелді Әбжанов тарихи жадыны сақтау – қоғам дамуының негізі екенін атап өтті:

— Қуғын-сүргін мен ашаршылық қазақ халқы үшін аса ауыр сынақ болды. Біз халқымыздың бір бөлігін, мәдениетімізді, рухани тіректерімізді жоғалттық. Бұл оқиғалар туралы шындықты сақтау – өткен мен болашақ алдындағы тарихи жауапкершілік, — деді ғалым.

Тарихшылардың бағалауынша, 1930 жылдардың басындағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық салдарынан Қазақстанда 1,5 миллионнан астам адам қаза тапқан. Осы күні еліміздің барлық өңірлерінде еске алу шаралары, көрмелер мен тақырыптық кездесулер өтуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қуғын-сүргін #еске алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика