AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / “Алматы аренадағы” өрт сөндірілді, қауіп сейілді

“Алматы аренадағы” өрт сөндірілді, қауіп сейілді

Әлеумет 25.01.2025, 20:13 816 Аяжан Серікқызы
“Алматы аренадағы” өрт сөндірілді, қауіп сейілді
Фото: ТЖД

Өрт жабық мұз айдынының кіші залының бірінші қабатында спорттық инвентарьдың жануынан шыққаны мәлім болды. 
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ғимараттағы барлық келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланған.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары өрт орнында шұғыл әрекет етіп, құтқару жұмыстарын жедел орындап шықты. 

Төтеншеліктер өртке оранған аумақтың ауқымдылығына   қарамастан, жалынның іргелес бөлмелерге таралуына жол бермеген. Жағдайды ойын батутының да бір мезетте  қатар жана бастағаны одан әрі қиындатты. Өрт сөндірушілердің біліктілігі арқасында қауіп дер кезінде тежелген. 

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Бағдат Шайзада   оқиға орнында жасаған ресми мәлімдемесінде: «2025 жылдың 25 қаңтарында сағат 15:16-да Алматы қаласындағы Мұзды сарайда 40 шаршы метр аумақта ойын батутының жануы тіркелді. Жедел жүргізілген құтқару жұмыстарының нәтижесінде  400 адам эвакуацияланды,   кәмелетке толмаған төрт  бала құтқарылды. Өрт толығымен сөндіріліп, қауіпсіздік қамтамасыз етілді» деп хабарлады.

ТЖД өкілдері құтқарылған 4 баланың есімдерін атады. Олар: Серік Санжар (2013 жылғы),Серік Әсет (2019), Ынтымақ Бексұлтан (2012) және Серік Айбар (2016). Алғашқы үш балалардың жағдайы қанағаттанарлық, олар оқиға болған жерде дәрігерлер  бақылауында. Ал Серік Айбар Қалқамандағы 1-қалалық  аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #арена #өрт #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика