“Almaty aqshamy” ұжымы жыл бойы атқарған еселі еңбегін бүгін ерекше марапатпен, үлкен абыроймен түйіндеп отыр. “Қазақстандағы Жыл таңдауы” (№1 Choice of the уear in Kazakhstan) ұлттық жобасының “Мемлекеттік тілдегі республикалық қоғамдық-саяси газет” номинациясын жеңіп алды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.
Бұл сыйлық аясында жыл ішінде көрсеткен жетістігі, сапасы мен ел ішіндегі беделі ең жоғары деп танылған брендтер, компаниялар және жобалар “Қазақстандағы №1” атағын алады. Сондықтан мерейімізді көтеріп тастаған осынау мәртебелі марапаттың бағасы біз үшін құнды.
“Жобаның ұйымдастырушыларына, бізді бағалаған баршаға ағайынға алғыс білдіреміз. Газетіміздің “Мың жасаған шаһардың шамшырағы” деп аталуы тегін емес. Өйткені “Almaty aqshamy” отандық журналистикада, жалпы қазақ руханиятында өзіндік орны, өз тарихы бар басылым. Бұл газетте қазақтың қаншама марқасқалары, танымал тұлғалар еңбек етіп, өзінің қолтаңбасын қалдырды! Қазір біз заман көшінен қалмау үшін үлкен трансформациялар жасап жатырмыз. Жаңа бет-бейнеміз қалыптасты. Еліміздегі ең таңдаулы байқаудың айтулы жүлдесінің бізге бұйыруы – алдағы уақытта да әріптестерге үлкен шабыт сыйлайды деп сенемін. Жалпы, бұл жеңіс біздің “Alatau aqparat” медиахолдингінің береке-бірлігінің жетістігі, оның ішінде “Almaty aqshamy” ұжымының ынтымағы мен қажырлы еңбегінің нәтижесі деп білемін”, – деді салтанатты рәсімде “Alatau aqparat” медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы.

Айта кетсек, “Alatau aqparat” медиахолдингі құрамындағы “Almaty aqshamy” газетінің жарық көріп келе жатқанына – 37 жыл. Бізді алматылықтар ғана емес, республика тұрғындары және шетелдіктер де оқиды. Сондай-ақ “Air Astana” әуе компаниясының борттарынан, “Тальго” пойызының барлық бағытынан, сондай-ақ қалалағы танымал қонақ үй, ресторан, кофеханалардан табыламыз.
"Қазақстандағы №1 Жыл таңдауы" жалпыұлттық жобасының 2025 жылғы лауреаттары
-
"OLIMPBET" сауда белгісімен "NetBet" ЖШС – "Онлайн-букмекер №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша.
-
"OLIMPBET" сауда белгісімен "NetBet" ЖШС – "Спорттағы инвестор №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша.
-
"Цин Каз" ЖШС – "Көкөніс консервілері №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша.
-
"Цин Каз" ЖШС – "Кетчуп №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша.
-
"Цин Каз" ЖШС – "Пиццаға арналған соус №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша.
-
"Цин Каз" ЖШС – "Отандық қызанақ өнімдерін өндіруші №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша.
-
"РМ Бет" букмекерлік кеңсесі ЖШС – "Киберспорт букмекерi №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша.
-
Smile сауда белгісімен "Сервис ПРО" ЖШҚ филиалы – "Ылғалды гигиеналық майлықтар №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша.
-
"Фрекен Бок" сауда белгісімен "Сервис ПРО" ЖШҚ филиалы – "Ас үй тауарлары (жинау, дайындау, сақтау) №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша.
-
Lady cotton сауда белгісімен "Сервис ПРО" ЖШҚ филиалы – "Гигиеналық мақта өнімдері №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша.
-
"Гербалайф Қазақстан" ЖШС – "Салмақты азайту және бақылау бағдарламасы №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша (Herbalife Формула 1 протеинді коктейлі және Формула 3 протеинді қоспасы өнімдерімен).
-
"Гербалайф Қазақстан" ЖШС – "Дәмді әрі құнарлы тіскебасар №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша (Herbalife Формула 1 Экспресс протеинді батончиктері және Herbalife протеинді мини-батончиктерімен).
-
Қазақ тағамтану академиясының "Амиран" зауыты – "Сүт (тірі) №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша.
-
Pegasus әуе компаниясы – "Шетелдік лоукостер-әуе компаниясы №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша.
-
"Almaty aqshamy" басылымы – "Мемлекеттік тілдегі республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет №1 – Қазақстанда" номинациясы бойынша.
-
NUR.KZ – "Жаңалық интернет-порталы №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша.
-
"Новое поколение" басылымы – "Республикалық қоғамдық-саяси апталық №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша.
-
ZAKON.KZ – "Республикалық құқықтық және ақпараттық-жаңалық бағытындағы интернет-портал №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша.
-
"Казахстанская правда" басылымы – "Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті басылым №1 – 2025 жылы Қазақстанда" номинациясы бойынша.
-
"Арт-и-Шок" театры – "Қазақстандағы №1 Жыл таңдауы" ұйымдастыру комитетінің арнайы сыйлығының лауреаты (25 жылдық ретроспектива аясында).
"Алтын Адам" сыйлығының лауреаттары
-
Смаил Исраил Махатұлы – "Журналист" номинациясы бойынша.
-
Талғат Мұсабаев (қайтыс болғаннан кейін) – "Патриот" номинациясы бойынша.
-
Бөргеков Дарын Боранбаевич – "Ғалым" номинациясы бойынша.
-
Артур Платонов – "Тележурналист" номинациясы бойынша.
-
Ерлан Жаңбырбай – "Еңбек адамы. Шахтер" номинациясы бойынша.
"Қоғамдық мойындау" сыйлығының лауреаттары
-
Кирил Харламов – "Тележурналист" номинациясы бойынша.
-
Максат Жабағин – "Ғалым" номинациясы бойынша.
-
"МК в Казахстане" – "Республикалық қоғамдық-саяси апталық" номинациясы бойынша.
-
Әуезов Мұрат Мұхтарұлы – "Ұлттық мойындау. Қазақстанның ұлттық мәдениетін сақтау және дамытуға қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша.
-
Джалилова Гаухар Амруллаевна – "Қоғамға қызмет. Кәсіби жетістіктер" номинациясы бойынша.
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы – "Ұлттық мойындау. Ұлттық бірлік пен келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша.