AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әлеуметтік осал азаматтарға қолдауды күшейт...

Алматы әлеуметтік осал азаматтарға қолдауды күшейтіп, цифрлық сервистерді енгізуде

Барлығы 29.10.2025, 17:02 353
Алматы әлеуметтік осал азаматтарға қолдауды күшейтіп, цифрлық сервистерді енгізуде
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қала әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахымның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Іс-шарада аз қамтылған және әлеуметтік осал топтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары талқыланды.

Өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларды анықтау бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. «Отбасының цифрлық картасы» платформасы аясында 1 819 отбасы (яғни 9 063 адам) 755 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алды.

Әкімнің орынбасарының айтуынша, қаланың әлеуметтік саясаты тек қаржылай қолдауға ғана емес, азаматтарды еңбекке ынталандыруға және өз отбасын өздігінен қамтамасыз етуге бағытталған.

«Биыл мүгедектігі бар 33 мыңнан астам адам оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтылды. Бұл мақсатқа 12,2 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, 277 адамға құны 1,3 млрд теңгені құрайтын инновациялық техникалық құралдар берілді», - деді Нұрлан Әбдірахым.

2026 жылы Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп, жеке оңалту техникалық құралдарын іріктеу жүйесін енгізу жоспарлануда. Бұл жүйе қызмет алушылардың жеке ерекшеліктері мен медициналық көрсеткіштерін ескеруге мүмкіндік береді.

«Инватакси» қызметі де дамып келеді. Қаржыландыру көлемінің артуы нәтижесінде автопарк 145 көлікке дейін ұлғайды. «Яндекс Такси» агрегаторы арқылы іске қосылған пилоттық жоба пайдаланушылар санын 2 мыңнан 3,4 мың адамға дейін арттырды. 2026 жылдан бастап бұл қызметті II және III дәрежелі психикалық ауытқуы бар адамдар да пайдалана алады. Қызмет сапасын арттыру мақсатында өтінімдер мен бағыттарды цифрлық түрде бақылайтын автоматтандырылған диспетчерлік жүйе енгізілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#брифинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Астана алаңында Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шаралар өтеді

Бүгін 10:14

Алматыдағы балалар колониясына Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен келді

Бүгін 09:53

Алматыдан Прагаға тікелей рейс ашылады

Бүгін 09:32

Қазгидромет 8 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 08:56

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады

Бүгін 08:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика