AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімінің орынбасары басты мәдени нысандарды...

Алматы әкімінің орынбасары басты мәдени нысандардың қайта құру барысын тексерді

Барлығы 06.09.2025, 16:08 801 Сұлу
Алматы әкімінің орынбасары басты мәдени нысандардың қайта құру барысын тексерді
Алматы әкімдігі

Алматы қаласы әкімдігінің жұмыс тобы қаладағы маңызды мәдени нысандарды аралап, қайта құру жұмыстарының барысымен танысты.

Атап айтқанда, халық жиі барып, тағзым ететін, ғұрыптық рәсімдер өтетін Райымбек батырдың кесенесі мен мемориалдық кешенін көріп шықты. Іргелес аумақта Райымбек батыр музейін, әкімшілік ғимарат салу мен бүкіл аумақты абаттандыру жоспарланған. Құрылыс биыл мамырда басталып, 2026 жылдың мамырында аяқталмақ.

Мердігерлердің айтуынша, жеке үйлер тұрғындарымен келісу кезінде белгілі бір қиындықтар туындаған, алайда барлық мәселе шешіліп, жұмыс қарқынды жүріп жатыр.

«Жаңа музейде келушілерге әдет-ғұрып рәсімдеріне қатысу үшін барынша қолайлы жағдай жасалады», – деді олар.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков барлық жұмыстың белгіленген мерзімде аяқталуы қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, жұмыс тобы  «Алатау» дәстүрлі өнер театры ғимаратының қайта жаңғырту жұмысымен танысты. Мердігер ұйым өкілдері күрделі жөндеу жұмыстары туралы ақпарат берді. Қазіргі таңда ғимараттың қасбеті жаңартылып, аумақты абаттандыру, көрермен залындағы орындықтар мен кілемдерді ауыстыру қолға алынған. Сондай-ақ, ғимарат құрылымдары күшейтіліп, сейсмикалық төзімділігі бекиді, желдету, инженерлік желілер, жылу, электрмен жабдықтау және өрт қауіпсіздігі жүйелері ауыстырылады.

Бұзу жұмыстары аяқталған, қазір ғимаратты қаптау мен ішкі әрлеу жұмыстарына дайындық жүріп жатыр. Жүргіншілер жолына төселетін материалдар, ішкі қабырғалар мен сыртқы қасбеттерді қаптауға қолданылатын құрылыс заттарының сапасына ерекше мән беріліп отыр.

«Жұмыс кестесі толық сақталады», – дейді мердігер ұйым өкілдері. Театрдың жөндеу жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталмақ.

Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында делегация қаладағы Орталық стадионға да барды. Мұнда 30 қыркүйекте «Қайрат» пен «Реал» футбол командаларыың матчы өтеді. Қызмет көрсетуші ұйым өкілдері спорт нысанының дайындық барысы туралы баяндады: инженерлік желілерді тексеру, жарықтандыру мен қауіпсіздік жүйелерін жаңарту, сонымен қатар аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әкімнің орынбасары стадионның халықаралық талаптарға сай жаңаруға тиіс екенін атады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);