Алматы әкімі Түрксіб ауданындағы зауыттарға барып, олардың қаланың дамуына қосқан үлесін айтты

  • 11:21, 06 қыркүйек 2025
Алматы әкімі Түрксіб ауданындағы зауыттарға барып, олардың қаланың дамуына қосқан үлесін айтты Алматы әкімдігі

 Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы бірқатар өнеркәсіп нысанын аралады. Жұмыс сапары барысында Алматы көпір құрылымдары зауытына, «Almaty Mai» кәсіпорны және «405 Авиажөндеу зауытына» барды.

Ең әуелі әкім 1963 жылы іргетасы қаланған Алматы көпір құрылымдары зауытына барды. Қазіргі таңда кәсіпорын жол, көпір, тоннель, әуежай және түрлі өндірістік нысандардың құрылысына арналған 360-тан астам темірбетон өнімін шығарады. 

Зауытта 450 адам еңбек етеді. Зауыт еуропалық стандарттарға сәйкес көпір блоктарын және жаңа үлгідегі теміржол шпалдарын шығаратын инновациялық желілерді іске қосқан. 

Дархан Сатыбалды мұндай кәсіпорындар қаланың ғана емес, тұтас елдің көлік инфрақұрылымын дамытуда стратегиялық маңызы зор екенін айтты.

Одан кейін әкім «Almaty Mai» зауытында болды. Бұл кәсіпорын майлы дақылдарды өңдеумен қатар, өсімдік майы, маргарин және басқа да өнімдер шығарады. Өндіріс тәулігіне 500 тонна рапс пен 450 тонна қытайбұршақ өңдей алады. 

2025 жылы қаңтар-шілде айларында өндіріс көлемі 96,5 мың тоннадан асты. Зауытта 474 адам жұмыс істейді. Өнімдері Орталық Азия елдеріне және Қытайға экспортталады.

Әкімнің айтуынша, осындай өндіріс орындарының дамуы Алматының азық-түлік қауіпсіздігін арттырып, жаңа экспорттық мүмкіндіктерге жол ашады.

Қала басшысы сапар соңында 85 жылдық тарихы бар «405 Авиажөндеу зауыты» Акционерлік қоғамын да көріп шықты. Мұнда азаматтық және қос мақсаттағы әуе техникасына күрделі жөндеу, жаңғырту және техникалық қызмет көрсетіледі, сондай-ақ, лицензиялық негізде тікұшақ өндірісін жолға қою жобалары жүзеге асырылып жатыр.
 
Кәсіпорында 550-ден астам маман еңбек етеді, оның ішінде 350-ден астамы инженер мен техник. Алдағы уақытта жоғары технологиялық салада қосымша 150 жұмыс орнын ашу жоспарланған.

«405 Авиажөндеу зауыты» АҚ-ның атқарып отырған жұмыстарының маңыздылығын және кәсіпорынның елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешені үшін стратегиялық мәнін ескере отырып, Алматы әкімідігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі», – деді Дархан Сатыбалды.

Сапар қорытындысында -Алматы әкімі Түрксіб ауданындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрақты өсім көрсетіп, қала экономикасына айтарлықтай үлес қосып отырғанын жеткізді. 

«Мұндай өндіріс ошақтары – Алматының индустриялық дамуының берік тірегі. Мұнда жаңа жұмыс орындары ашылып, инновация енгізілуде, экспорттық әлеует артып келеді. Біздің міндетіміз – осы кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, олардың одан әрі жаңғыруына жағдай жасау», – деді Дархан Сатыбалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:52

12:58

12:31

11:54

11:21

11:04

09:48

18:24

18:20

16:30

16:14

16:09

15:36

15:33

15:16

14:26

14:13

12:46

11:21

11:16

11:10

11:09

11:03

11:02

10:52