AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Алматы әкімі театр және кино артисі Асанәлі Әшімов...

Алматы әкімі театр және кино артисі Асанәлі Әшімовті мерейтойымен құттықтады

Тұлға 08.05.2022, 07:59 2,180
Алматы әкімі театр және кино артисі Асанәлі Әшімовті мерейтойымен құттықтады

Қазақстанның Халық артисі Асанәлі Әшімов 85 жасқа толды


Қала басшысы Ерболат Досаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аты аңызға айналған актер, Қазақстанның Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті 85 жылдық мерейтойымен құттықтады. Алматы әкімі әртіске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің құттықтауын жеткізді. Асанәлі Әшімов құттықтаулар мен ізгі тілектерді жақындарының ортасында  қабылдады.


Кездесу барысында қала әкімі әртістің театр өнері мен кинематографтың дамуына қосқан зор жеке үлесін атап өтті. Ең жарқын және есте қаларлық рөлдерді актер отандық киноның алтын қорына енген «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы» және т.б. фильмдерде сомдады.



«Сізді мерейтойыңызбен ерекше құрметпен құтықтаймын. Сіз шын мәнісінде бүкілхалықтық  сүйіспеншілікке лайықсыз. Біздің бірнеше ұрпағымыз сіздің фильмдеріңізде өсті. Сіз отандық кино тарихында ерекше орын аласыз. Бүгін өнер саласындағы бастамалар мен жобаларды қолдайсыз және ілгерілетесіз, жастарға тәлім беріп, елімізді шет елдерде дәріптейсіз», – деді Ерболат Досаев аты аңызға айналған актерге ұзақ өмір және шығармашылық жетістіктер тіледі.



Қазіргі уақытта Асанәлі Әшімов белсенді жұмысын жалғастырып, Қазақстан театрлары қауымдастығын басқарады, М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық театрдың, сондай-ақ «Қазақфильм» киностудиясының көркемдік жетекшісі.


Асанәлі Әшімовтің мерейтойына арналған салтанатты іс-шара 2022 жылғы 27 мамырда Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында өтеді. Шара барысында театр және кино шеберлеріне алғаш рет «Асанәлі» сыйлығы табыс етіледі.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр #Мерейтой #Асанәлі Әшімов #құттықтау #Кино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді

Бүгін 18:45

Серік Жұманғарин Пәкістанның инвестициялар министрімен және халықаралық қаржы институттары басшыларымен кездесулер өткізді

Бүгін 18:45

Мемлекет басшысы «Qarmet» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесті

Бүгін 18:15

Қазақстан семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 18:13

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Канададағы Гран-при кезеңінде үздік бестікке енді

Бүгін 17:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);