AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі тапсырмасы бойынша «Sholpan City» тұр...

Алматы әкімі тапсырмасы бойынша «Sholpan City» тұрғындарының басты мәселелері шешілді

Барлығы 08.10.2025, 14:05 641 Сұлу
Алматы әкімі тапсырмасы бойынша «Sholpan City» тұрғындарының басты мәселелері шешілді
Алматы әкімдігі

Sholpan City тұрғын үй кешенінде мүлік иелері бірлестігінің (ОСИ) заңды төрағасының өкілеттігі қалпына келтірілді. Бұл шешім тұрғындардың қалалық әкімдікке жүгінуінен кейін қабылданған. Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен кешеннің жағдайына тексеру жүргізіліп, сарапшылар басшылықты қайта сайлаудың заңдылығын растады.

Бес жыл бұрын пайдалануға берілген Sholpan City тұрғын үй кешені осы уақыт аралығында бірқатар ұйымдастырушылық және пайдалану мәселелеріне тап болған. Тұрғындар жерасты автотұрағының мақсатсыз пайдаланылуы, даулы нысандар және мүлік иелері бірлестігі ішіндегі келіспеушіліктер туралы хабарлаған.

«Кейбір тұрғындар тіпті автотұрақта бөлме жасап алған – кір жуады, тамақ пісіреді, сол жерде тұрады. Мұны қалыпты жағдай деуге келмейді», – деді кешен тұрғыны Раушан Әбілова.

Қиындықтар бұрынғы МИБ төрағасының өкілеттікті тапсыру рәсімін сақтамауынан да туындаған.

«19 қыркүйекте экс-төраға Айман Изатова eGov.kz порталында өз-өзін қайтадан МИБ өкілі етіп тағайындаған. Алайда тұрғындарға да, мемлекеттік органдарға да қайта тіркеу құжаттарын көрсеткен жоқ», – деді сайланған төрайым Арайлым Алмағамбетова.

Қалалық қызметтердің араласуынан кейін жағдай реттелді. Тұрғындар қала әкіміне көрсеткен назар мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

«Дархан Амангелдіұлына бізді тыңдап, мәселені шешкені үшін ризашылығымызды білдіреміз. Оның араласуымен түйткіл шешіліп, енді басқа бағыттар бойынша да жұмыс басталатынына сенім бар», – деді олар.

Қазіргі таңда жерді пайдалану, коммуналдық төлемдер мен аумақты күтіп-ұстауға қатысты мәселелерді реттеу жалғасып жатыр. Барлық процесс қала басшылығының бақылауында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тұрғын үй #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Кеше 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Кеше 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Кеше 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика