AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі қаладағы инженерлік желілерді қайта ж...

Алматы әкімі қаладағы инженерлік желілерді қайта жаңғырту барысымен танысты

Барлығы 29.08.2025, 16:43 487
Алматы әкімі қаладағы инженерлік желілерді қайта жаңғырту барысымен танысты
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында инженерлік желілердің құрылысы мен қайта жаңғырту жүргізіліп жатқан коммуналдық инфрақұрылым нысандарын аралады.

«Достық» шағынауданында Әуезов ауданы әкімдігінің тапсырысы бойынша ауызсу және кәріз желілерін салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында ұзындығы 15,7 шақырым инженерлік желі жүргізіледі, оның ішінде 1,1 шақырымы – су құбыры, 14,6 шақырымы – кәріз жүйесі. Нәтижесінде 800 үй, шамамен 3,5 мың тұрғын қамтылады. Қазіргі таңда 1 шақырым су құбыры мен 8,5 шақырым кәріз желісі тартылды, бұл жалпы жұмыстың 75 пайызын құрайды.

«Жұмысты қысқа мерзімде, қысты күтпей аяқтау қажет. Бұл мәселе менің күнделікті бақылауымда. Ең бастысы – қауіпсіздік, сапа және уақыт. Тұрғындарға да барлық мәлімет түсіндіріліп отыруы керек. Келісімшарт келесі жылдың ақпанына дейін жасалғанымен, біз мерзімді екі есе қысқартып, қазан айының соңына дейін аяқтауды тапсырдық», – деді әкім.

Алмалы ауданында қала әкімі Жамбыл – Жароков – Айманов – Қабанбай батыр көшелерінің аумағындағы жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Желілер апатты жағдайда деп танылған, тозу деңгейі – 100%. Жобаның тапсырыс берушісі – «Алматы жылу желілері» ЖШС. Қайта жаңғыртылатын желінің ұзындығы – 583 метр. Жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Қазіргі таңда жұмыстар соңғы кезеңде. Әкім жұмыстар аяқталғаннан кейін барлық қазылған аумақты қалпына келтіріп, сапалы абаттандыру жүргізу қажеттігін атап өтті.

Бостандық ауданында Дархан Сатыбалды Мыңбаев көшесінде (Жароков көшесінен Түркебаев көшесіне дейін) жүргізіліп жатқан су құбырының реконструкциясымен танысты. Жобаны «Алматы Су» ШЖҚ МКК жүзеге асыруда.

Бірінші кезеңде ұзындығы 1 083 метр болатын су құбыры ауыстырылуда. Бүгінгі күнге дейін 124 метр құбыр тартылды. Жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың қарашасына жоспарланған. Әкім жұмысты күшейтіп, жеделдетуді тапсырды.

Екінші кезеңде 1 790 метр су құбыры ауыстырылып, 33 құдық орнатылады. Қазірдің өзінде 1 шақырым құбыр төселіп, 14 құдық орнатылды. Жоба 2025 жылдың желтоқсанында толық аяқталады. Бұл жұмыстар апаттық жағдайларды азайтып, Бостандық ауданы тұрғындарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сапардың соңғы нысаны – Бостандық ауданындағы ТК 4-2 жылу торабы мен «Алмагүл-Оңтүстік» сорғы станциясының арасындағы жылу желілерін қайта жаңғырту болды. Жобаның тапсырыс берушісі – Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы. Желінің жалпы ұзындығы – 1,2 шақырым, оның ішінде 0,6 шақырымы биыл жаңартылады.

Бұл жылу трассасы 1976 жылы пайдалануға берілген. Ол 150-ден астам көпқабатты үйді, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандарды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Тексеру қорытындысы бойынша желілер толық тозған деп танылып, ауыстыруды қажет етеді.

«Ең бастысы – мердігерлер сапаны қатаң сақтауы тиіс. Мерзім нақты белгіленген, жұмыстар уақытында аяқталуы қажет», – деп түйіндеді Дархан Сатыбалды.

Айта кетейік, барлық нысан қала әкімінің ерекше бақылауында. Жобалардың жүзеге асуы тұрғындарды сапалы ауыз сумен, кәрізбен және жылумен қамтамасыз етіп, халықтың тұрмыс сапасын арттырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Бүгін 15:32

Екібастұзда құмар ойынға салынған мемқызметшілер әшкереленді

Бүгін 15:29

БҚО әкімі мас күйде көлік жүргізген

Бүгін 15:13

Шілдеден бастап Алматыдан Прагаға тікелей рейс ашылады

Бүгін 14:57

Голливуд жұлдызы қазақстандық блогерге алғыс айтты

Бүгін 14:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика