Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, ж...

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

Барлығы 01.09.2025, 12:19 458
Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты
Алматы әкімдігі

Бүгін, 1 қыркүйекте Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды оқушыларды «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа мектептердің бірінде Білім күнімен құттықтады. Оқу жылының басында мегаполисте 12 мыңнан астам орындық 7 заманауи мектеп ашылды.

Алатау, Алмалы, Бостандық және Наурызбай аудандарындағы жаңа оқу орындары кең кабинеттермен, заманауи зертханалармен, цифрлық сыныптармен, спорт кешендерімен және акт залдарымен жабдықталған.

«Бүгін Алматының 350 мыңнан астам оқушысы үшін алғашқы қоңырау соғылды. 28 мыңнан астам бірінші сынып оқушылары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Бұл ата-аналар мен тәрбиешілер үшін  ерекше әрі қуанышты сәт. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әр баланың сапалы білім алуы үшін тең және заманауи жағдай жасау маңызды», – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

Алматы әкімі қыркүйек айының соңына дейін Алматыда 10,5 мың орындық тағы 5 мектеп ашу жоспарланып отырғанын атап өтті. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында мегаполисте барлығы 34,8 мың орындық 21 оқу орнының құрылысы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ жеке инвесторлар есебінен 8 мектеп салынуда. Бұдан басқа, «1300 мектепті жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2027 жылға дейін 31 мектепке күрделі жөндеу жүргізілетін болады.

Өткен оқу жылындағы Алматы оқушыларының жетістіктерін ерекше мақтанышпен атаған жөн. Қаланың жас таланттары 21 халықаралық және 33 республикалық олимпиадаларға қатысып, 1000-нан астам жүлделі орынға ие болды. Алматы құрамасы «Үздік олимпиада командасы – 2025» деп танылды. Оқушылар  Нидерланды, Индонезия, Үндістан және Кипрдегі робототехника чемпионаттарында  еліміздің атын шығарды, ғылым саласында   абырой - беделін арттырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Кеше 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Кеше 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Кеше 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Кеше 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Кеше 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика