AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі медицина қызметкерлерін марапаттады

Алматы әкімі медицина қызметкерлерін марапаттады

Барлығы 18.06.2025, 11:53 759 Сұлу
Алматы әкімі медицина қызметкерлерін марапаттады
Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінде Медицина қызметкерлері күніне орай қала әкімі Дархан Сатыбалды мен дәрігерлердің кездесуі өтті. Қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қомақты үлес қосқан дәрігерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградалар табысталды.

Марапат ұзақ жылдар бойына медицина саласында атқарған адал жұмыстары, жоғары кәсіби біліктілігі үшін берілді.

III дәрежелі «Барыс» орденімен медицина ғылымдарының докторы, мемлекет қайраткері Василий Девятко марапатталды. «Парасат» орденін «Ұлттық медициналық қауымдастық» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Айжан Садықова алды. «Құрмет» орденімен А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО жалпы хирургия бөлімінің меңгерушісі Ерлік Нұрланбаев марапатталды. «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы оториноларинголог-дәрігер Айсұлу Нұрмағамбетоваға берілді.

Дархан Сатыбалды денсаулық сақтау саласының тұрақты дамуы кәсіби білікті, ісіне шынайы берілген әрі мықты мамандардың арқасында екенін өтіп, Мемлекет басшысының атынан барлық медицина қызметкеріне жанкешті еңбегі үшін алғыс айтты.

«Біз үшін сапалы медициналық көмектің қаланың барлық аудандарында қолжетімді болуы маңызды. Біз ел Президенті белгілеген бағытты жалғастырамыз. Атап айтсақ, инфрақұрылымды жаңарту, мекемелерді техникалық қайта жарақтандыру, кадрлық әлеуетті дамыту және ауруханаларда да, емханаларда да медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру», - деді Алматы әкімі кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әкімі #Дархан Сатыбалды #Медицина қызметкерлері #марапаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Кеше 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Кеше 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);