Алматы әкімі жұмыс сапары барысында Жетісу ауданындағы нысандарды аралады

  • 11:32, 15 қаңтар 2026
Алматы әкімі жұмыс сапары барысында Жетісу ауданындағы нысандарды аралады Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Жетісу ауданындағы бірқатар нысанды аралап, қоғамдық кеңістіктердің жай-күйіне және аумақтың өндірістік әлеуетінің дамуына назар аударды.

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Жангелдин атындағы скверге барып, ағымдағы жөндеу мен көріктендіру жоспарымен танысты. Жоба аясында аумақты көгалдандыру, гүлзарлар мен шағын сәулеттік нысандар орнату, автоматты суару жүйесі мен сыртқы жарықтандыруды іске қосу, сондай-ақ жүргіншілер жолдары мен демалыс аймақтарын ұйымдастыру көзделген. Сквердің жалпы аумағы – 3,6 гектар. Жобаны іске асыру 2026 жылға жоспарланған.

Сквер аумағында белсенді және отбасылық демалыс үшін екі балалар ойын алаңы, воркоут алаңы, футбол және баскетбол алаңдары, үш шахмат үстелі мен үш үстел теннисі үстелін орнату жоспарланған. Сонымен қатар, жобаға сәйкес 95 орындық пен 95 қоқыс жәшігі қойылып, автотұрақ аймағы ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, қала әкімі 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Камертон» ЖШС-не барды. Кәсіпорын шикізатты өңдеуден бастап дайын өнімді қаптауға дейінгі толық өндірістік жұмыс тәртібін жүзеге асырады. Өндірістік қуаттылығы айына 4 230 тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Бұл өңдеу өнеркәсібін дамытуға және нарықты сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады. Кәсіпорында 300-ден астам адам еңбек етеді.

Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды STYNERGY кәсіпорнына барып, өндіріс қуатымен, өнім ассортиментімен және экспорттық әлеуетімен танысты. Компания құрылыс және металл құрылымдары материалдарын өндіруге маманданған. Өнімдерін Тәжікстан мен Қырғыз Республикасын қоса алғанда, ТМД елдеріне экспорттайды. Сондай-ақ, Қазақстанның бірқатар қаласында филиалдары бар, бұл кәсіпорынның кең географиялық қамтылуын қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын өнімдерінің ассортиментіне металл шатыр мен шатырдың қосалқы элементтері, түрлі үлгідегі профнастил, сэндвич-панельдер, қасбеттік жүйелер, су ағызу және желдету жүйелері, гипсокартон монтажына арналған арматуралық профильдер, линеарлы панельдер, сондай-ақ металл жиһаздар кіреді. Өндірісте шамамен 250 қызметкер жұмыс істейді.

Кәсіпорындарды аралау барысында ауданның өнеркәсіптік әлеуетін дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, өндірісті кеңейтуге жағдай жасау және бизнестің қалалық құрылымдармен өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды қаланың аудандарын кешенді дамыту, яғни қоғамдық кеңістіктерді көріктендіруді экономиканың нақты секторын қолдаумен ұштастырудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, салалық басқармалар мен аудан әкімдігіне жобаларды жан-жақты қолдауды және қойылған міндеттердің орындалуын бақылауды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:38

12:29

12:18

12:05

11:51

11:48

11:32

11:24

11:12

11:01

10:47

10:31

10:21

10:12

09:57

09:50

09:38

09:22

09:13

09:01

08:51

08:38

21:24

17:50

17:37