конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі жаяу жүргіншілер аймақтарын заңсыз құ...

Алматы әкімі жаяу жүргіншілер аймақтарын заңсыз құрылыстардан тазартуды тапсырды

Әлеумет 06.02.2025, 12:05 896 Bakyt
Алматы әкімі жаяу жүргіншілер аймақтарын заңсыз құрылыстардан тазартуды тапсырды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында жергілікті тұрғын жаяу жүргіншілер аймақтарын қоғамдық тамақтану орындарының заңсыз құрылыстарынан тазартуды сұрады. Атап айтқанда, ол  Сейфуллин даңғылы мен Қарасай батыр көшесінің қиылысындағы бульвар аймағындағы мейрамхана жазғы алаң салғанын хабарлады.

Қала басшысы осы ғимараттың заңдылығын тексеріп, сәйкестікке келтіруді тапсырды.

Ерболат Досаев Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы стихиялық саудаға қарсы күрес және мемлекеттік қордың жерінде заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда объектілерін (ССО) жою мақсатында  оларды жаппай бөлшектеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Екі күннің ішінде 21 заңсыз нысан бөлшектелді.

Мониторинг қорытындысы бойынша қала аумағында 1,2 мыңнан астам саудагер өз бетінше орналастырылатын стихиялық сауданың (ірі базарлардың, саябақтар мен алаңдардың маңында орналасқан) 49 жаппай жиналатын орны анықталды.

Еске салсақ, Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 тамыздағы №3/469 «Алматы қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын белгілеу және бекіту туралы» Қаулысына сәйкес қалада 157 ССО орналастыру үшін 142 орын бекітілген. Стационарлық емес сауда объектілерінде заңды негізде қызметін жалғастыруға ниет білдірген кәсіпкерлер Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының сауда бөліміне 390 21 30 тел. бойынша жүгіне алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алмалы #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Бүгін 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Бүгін 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Бүгін 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Бүгін 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);