Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық Полиция департ...

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық Полиция департаментінің жаңартылған инфрақұрылымымен танысты

Заң мен тəртіп 12.04.2025, 16:32 814
Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық Полиция департаментінің жаңартылған инфрақұрылымымен танысты
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев  Полиция департаментінің қызметкерлері мен олардың отбасыларыларына ұйымдастырылған Наурыз мейрамына қатысты.

Соңғы үш жыл ішінде Алматы әкімдігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдық мекеменің бірі ретінде полицияның дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Атап айтқанда, Алматы әкіміне жергілікті бюджет қаражатына сатып алынған жаңа техника мен толықтай жөндеуден өткен әкімшілік ғимарат таныстырылды. Бұл ғимарат Алматы әкімдігі тарапынан жеке меншік иесінен 1,7 млрд теңгеге сатып алынып, өткен жылдың қыркүйек айында полиция балансына берілген еді. Бүгінде бұл ғимарат шамамен 300 қызметкерге қолайлы жұмыс жағдай жасап отыр және Полиция департаментінің негізгі ғимаратына жақын орналасқан, бұл құқық қорғаушылардың жұмысын жеделдетуге ықпал етеді.

Бұл Алматы полициясының материалдық-техникалық базасын нығайту және қоғамдық қауіпсіздік жүйесін жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды бағдарламаның бір бөлігі.

Шаһар басшысы қоғамдық қауіпсіздік жүйесін нығайту қала саясатының басым бағытының бірі болып қала беретінін атап өтті. Өз кезегінде Полиция департаментінің басшылығы көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыс білдірді.

Айта кету керек, Алматыда қоғамдық қауіпсіздік саласында озық шешімдер енгізіліп жатыр. Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, қаладағы мемлекеттік мектептер мен балабақшаларда кешенді қауіпсіздік жүйесі жүзеге асырылуда, сондай-ақ жасанды интеллект элементтері бар бейнемониторинг белсенді қолданылып отыр. Биыл жыл соңына дейін Бірыңғай бейнебақылау жүйесіне қосылған камералар саны 70 мыңға дейін ұлғайтылады.

Сонымен қатар, сапар барысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ерболат Досаев полиция капитаны Қарашаш Есдәулетоваға пәтер сертификатын табыстады. Ол Дубайда өткен UAE SWAT Challenge 2025 халықаралық турнирінде жүлдегер атанды. Оның командасы әлемнің ең үздік арнайы бөлімшелері арасында екінші орын иеленді.

Айта кетейік, Қарашаш Есдәулетова Қазақстан ІІМ-нің алғашқы әйелдер командасы — «Томирис» құрамында өнер көрсетті. Бұл команда осы беделді жарысқа алғаш рет қатысып, бейресми түрде арнайы жасақтың «Олимпиадасы» саналатын, әлемнің элиталық тактикалық бөлімшелерін жинайтын турнирде бақ сынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерболат Досаев #полииция #Алматы #наурыз #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Бүгін 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Бүгін 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика