конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Ерболат Досаев China Exim Bank презид...

Алматы әкімі Ерболат Досаев China Exim Bank президенті Ван Чуньинмен кездесті

Әлеумет 18.02.2025, 13:04 782 Bakyt
Алматы әкімі Ерболат Досаев China Exim Bank президенті Ван Чуньинмен кездесті
Алматы қаласы әкімдігі

ҚХР-ға жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Қытай Экспорттық-Импорттық банкінің (China Exim Bank) президенті Ван Чуньинмен кездесуі өтті.

Келіссөздердің басты тақырыбы негізгі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру шарттарын талқылау, атап айтқанда, Алматы метрополитенінің желісін кеңейту болды.

«Біз белсенді және жемісті ынтымақтастықтың негізі болып табылатын елдеріміздің көшбасшылары арасындағы тығыз саяси диалогты жоғары бағалаймыз. Алматыда метро желілерін салу жөніндегі жобалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен сыртқы қарыз алуды тарта отырып, ЕРС+F-келісімшарт қағидаты бойынша іске асырылатын болады. Біз осы жобаны қаржыландыру шарттары бойынша China Exim Bank ұсыныстарын егжей - тегжейлі талқылауға дайынбыз, сондай-ақ басқа да инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысуға шақырамыз», - деп атап өтті Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Өз кезегінде, Ван Чуньин ханым Exim Bank Қазақстанда 16 жыл бойы түрлі жобаларды қаржыландырумен айналысып келе жатқанын және жол инфрақұрылымын, энергетиканы, өнеркәсіпті және жылжымайтын мүлікті салу объектілерін инвестициялауда мол тәжірибесі бар екенін хабарлады.

«Біздің Қазақстанмен өзара іс-қимылымыздың маңызды саласы көлік, инфрақұрылымдық құрылыс салу болып табылады. 5 ірі жол жобасы бойынша бізде 2,4 млрд. АҚШ доллары көлемінде келісім шарт жасалған. Қазір біз Алматы әкімдігімен ынтымақтастық үшін барлық күш - жігерімізді жұмсауға дайынбыз», - деді Ван Чуньин.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға және серіктестік қатынастарды нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Анықтама:
China Exim Bank (Қытай Эксим банкі) 1994 жылы құрылған. Банктің Қытайда, Парижде 32 филиалы, сондай-ақ Гонконгта, Африканың бірқатар елдерінде, Ресейде, Польшада, Чилиде және Өзбекстанда өкілдіктері бар. Банк Қытайдың сыртқы саудасын, инвестицияларын және халықаралық экономикалық ынтымақтастығын қолдаумен айналысады, тұрақты дамуды қолдау үшін «жасыл» несиелеуді белсенді түрде ілгерілетуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#China Exim Bank #Алматы #Ван Чуньин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қытайда «Ұлы дала көшпелілерінің мәдениеті» көрмесі ашылды

Бүгін 20:15

Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді

Бүгін 19:11

Өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады: Алматыда 109 байланыс орталығы тәулік бойыжұмыс істейді

Бүгін 19:10

Егер сайлау күні тіркелген жеріңіздеболмасаңыз: есептен шығару куәлігін қалайалуға болады

Бүгін 19:08

Алматыда Әшімов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);