AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚХР-ның ҚР-дағы Төте...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Барлығы 11.07.2025, 09:22 704 Сұлу
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
Алматы әкімдігі

 

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлин мырзамен кездесті. Басқосу барысында өзекті мәселелер мен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіітепі талқыланды. Сонымен қатар кездесуге ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй де қатысты.

Дархан Сатыбалды Алматы мен Қытай арасындағы өзара тиімді әріптестікті нығайтудың маңызын атап, әсіресе сауда, өнеркәсіп және инвестиция сынды басым салалардағы серіктестікке тоқталды.

«Достық қарым-қатынасымыздың арқасында Алматы мен Қытай арасындағы тауар айналымы дәстүрлі түрде жоғары деңгейде сақталып келеді. Қытайдың үлесіне Алматының жалпы сыртқы сауда айналымының 32,9%-ы тиесілі. Биыл қаңтар–мамыр айлары аралығында қала мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 3,4 млрд АҚШ долларынан асты», — деді әкім.

Кездесуде өнеркәсіптік кооперация жайына де ерекше назар аударылды. Қала басшысы Алматыда автомобиль кластерін құру бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын, оның мегаполистің индустриялық өсімінің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып келе жатқанын айтты.

«Бүгінде Алматының Индустриялық аймағында қытайлық серіктестердің қатысуымен ауқымды жоба жүзеге асырылып отыр. Changan, Chery және Haval маркаларындағы көпбрендті автозауыт іске қосылмақ. Кәсіпорын жылына 90 мың жеңіл автокөлік шығара алады. 2028 жылға қарай өндіріс көлемін жылына 220 мың автокөлікке дейін ұлғайту жоспарланып отыр», — деді шаһар басшысы.

Сонымен қатар әкім туристік және көлік байланыстарын кеңейтудің маңызды екенін атап өтті. Қазіргі таңда Алматы Бейжің, Үрімжі, Сиань, Ханчжоу, Санья, Гуанчжоу және Инин секілді Қытайдың ірі қалаларымен тікелей әуе рейстері арқылы байланысқан. Жуырда China Eastern Airlines әуе компаниясының Шанхай – Алматы бағытындағы жаңа рейсі ашылды.

Өз кезегінде Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлин мырза екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін білдіріп, Алматы мен Қытай қалалары арасындағы серіктестіктің жоғары әлеуетін атап өтті.

«Мемлекеттеріміздің көшбасшыларының стратегиялық басшылығы аясында іскерлік ынтымақтастық тұрақты оң қарқын көрсетіп отыр. Былтыр елдеріміз арасындағы тауар айналымы 43,8 миллиард АҚШ долларына жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,8% артты. Жалпы алғанда, біз Қазақстанмен сауда, инвестиция, туризм, мәдениет және денсаулық сақтау салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға дайынбыз», — деді Елші.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экономикалық және гуманитарлық байланысты одан әрі дамытуға бағытталған ортақ бастамаларды іске асыруға өзара дайын екенін растады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыбалды #әкім #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);