AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматы әкімі Дархан Сатыбалды экономиканың басым б...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды экономиканың басым бағыттарын дамытуға баса назар аударуды тапсырды

Экономика 05.06.2025, 18:31 661 Сұлу
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды экономиканың басым бағыттарын дамытуға баса назар аударуды тапсырды
gov.kz

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Әлішер Сатыбалдиевтың атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар жөніндегі есебін тыңдады.

Биылдың төрт айының қорытындысы бойынша Алматыда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 543,3 млрд теңге болып, 35,6%-ға артты. Инвестиция құрылымында жетекші орынды өңдеу өнеркәсібі, көлік және қойма, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, қаржы және сақтандыру салалары иеленіп отыр. 

Осы кезеңде өңдеу өнеркәсібі 17,6%-ға өсіп, 628,4 млрд теңгеге жетті. Жыл соңына қарай бұл көрсеткіш 22,4%-ға жетуі мүмкін. Әсіресе, машина жасау (137,5%), полиграфия (143%), тамақ өнеркәсібі (100,8%) және химия өнеркәсібі (117,1%) ерекше серпінмен дамып келеді. 

Қалада жалпы құны 2 402,4 млрд теңге болатын 195 жоба қолға алынған. Бұл – шамамен 30 мың жаңа жұмыс орны. 

2025 жылы құны 555,1 млрд теңге болатын 45 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Олардың қатарында «Changan», «Chery» және «Haval» маркалы жеңіл автокөліктер шығаратын мультибрендті зауыт, «Wildberries» логистикалық орталығы, сондай-ақ, шыны ыдыс пен арматуралық тор өндіретін кәсіпорын бар. 

Дархан Сатыбалды тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, инвестиция тарту және экономиканың басым салаларын дамыту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Дархан Сатыбалды #Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);