Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданындағы к...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданындағы көріктендіру мен құрылыс жұмыстарын тексерді

Әлеумет 03.06.2025, 09:56 861
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданындағы көріктендіру мен құрылыс жұмыстарын тексерді
Алматы қаласы әкімдігі

Әуезов ауданына жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысанды аралап көрді.

Қала әкімі Сайран шағынауданындағы көріктендіру жұмыстарының барысымен танысты. Мұнда аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуға бағытталған ауқымды жоба кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары биыл 10 мамырда басталған. Жоба аясында 14 аула, сондай-ақ көлге апаратын жолдар жаңарады. Әрі тротуарлар мен спорт алаңдары жабдықталып, көгалдандырылып, жарық тартылмақ. Аталған аумақтарға бейнебақылау камераларын орнату да жоспарда бар. Айта кетейік, Дархан Сатыбалды шағынауданды аралау барысында тұрғындармен кездесіп, тілдесті. 

Келесі нысан – «Тигрохауд» базары. Мұндағы сауда алаңы 7 мың шаршы метрге дейін кеңейтіліп, аумақ көркейтіліп жатыр. Жобаны жүзеге асыру шамамен 300 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Аталған құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың маусымында аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Дархан Сатыбалды Н. Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер орыс театрының реконструкциясымен танысты. Мұнда жұмыс белгіленген кесте бойынша жүріп жатыр. Бүгінде негізгі бұзу және жер қазу жұмыстары аяқталған. Жобаға сай, театр заманауи сахнамен және техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, айналасындағы аумақ толық көркейтіледі. Нысанды 2026 жылы шілдеде тапсыру жоспарланған. 

Сапар соңында Дархан Сатыбалды № 16 қалалық емханаға барды. Қазір онда күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Емхана Әуезов және Бостандық аудандарының 58 мыңнан астам тұрғынына, соның ішінде балаларға, мектеп оқушылары мен студенттерге қызмет көрсетеді. Аталған нысан жобалық қуатынан артық жұмыс істеп отыр, сондықтан ғимаратты жаңғырту өте өзекті. Бұл өз кезегінде медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік бермек. 

Нысандарды аралау барысында қала әкімі жайлы, қолайлы әрі көрікті қалалық орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте сапалы көгалдандыру мен қолжетімді инклюзивті инфрақұрылымға баса назар аударылуға тиіс екенін жеткізді. Әкімнің айтуынша, қаланың әрбір ауданында тұрғындар үшін толыққанды қоғамдық кеңістік болуы қажет.

Сөз соңында Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімін қатаң сақтау туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, ол жобаларды жүзеге асыру барысында халықтың барлық санаты үшін нысандардың қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттігін айрықша атады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыпалды #аудан #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Кеше 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Кеше 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Кеше 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Кеше 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Кеше 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі