Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі әуежайды дамытудың жоспарымен танысты

Алматы әкімі әуежайды дамытудың жоспарымен танысты

Әлеумет 07.12.2023, 03:20 980
Алматы әкімі әуежайды дамытудың жоспарымен танысты
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Қала басшысы Ерболат Досаев «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Альп Эр Тунга Эрсоймен кездесіп, әуежай мен іргелес аумақтың көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен іс-шараларды талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы әкіміне Алматы халықаралық әуежайы мен іргелес аумақтың көлік инфрақұрылымын дамытудың 2050 жылға дейінгі перспективасы жайлы шебер жоспар таныстырылды. Бұл құжат қала басшысының тапсырмасымен Алматының Бас жоспарымен үйлестірілді. 


Шебер жоспардың бірінші кезеңі жаңа жолаушылар терминалын салуды және қолданыстағы терминалды жаңғыртуды көздейді. Бүгінгі таңда ұшаққа шығатын жолдар кеңейтілді, қосымша ауа баптау жүйесі енгізілді, жаңа жайлы автобустар сатып алынды. Басқа кезеңдер аясында құжатқа сәйкес, халықаралық бағыттардың санын көбейту, жаңа ғимараттар салу, автотұрақ аймағын кеңейту және т.б. жоспарланып отыр. 


Барлық бағыт бойынша құрылыс жұмыстары қарқын алаған. Осылайша, жаңа жолаушылар терминалы 80% дайын, жалпы мақсаттағы авиация ғимаратының құрылысы аяқталды, эстакаданы, ұшу-қону жолағын және вокзал маңы аумағын қайта жаңарту жалғасып жатыр. Әуе айлағының қазіргі көрсеткіштері туралы айта келе Альп Эр Тунга Эрсой жүк тасымалының өсіп отырғанын хабарлады және биыл жыл соңына дейін 9-миллион жолаушы тіркеледі деп болжам жасады. 



Өз кезегінде Ерболат Досаев жолаушылар санының едәуір артуына байланысты құрылыс жұмыстарын жеделдетудің маңызына назар аударды. «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті қала басшысына жұмыстың жоғары қарқынын ескеріп, жаңа терминалды іске қосу жазғы маусымның басында, демалыс кезеңіне дейін жүзеге асырылатынын баяндады.


Естеріңізге сала кетейік, жаңа халықаралық жолаушылар терминалының ауданы 53,500 м2. Бұл терминалды іске қосу әуежайдың өткізу қабілетін жылына 7 млн-нан 14 млн адамға дейін арттыруға, қала тұрғындары мен қонақтары үшін мейлінше қолайлы жағдай жасауға, сонымен бірге Алматының бүкіл Орталық Азиядағы көлік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #әуежай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика