AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және...

Алматы әкімі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және жастарға арналған мүмкіндіктерді кеңейту туралы айтты

Барлығы 17.12.2025, 16:15 408
Алматы әкімі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және жастарға арналған мүмкіндіктерді кеңейту туралы айтты
Алматы әкімдігі

ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, білім беру инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. 2025 жылы қалада 37,1 мың орынға арналған 22 білім беру нысаны салынды. Бұл жобаларды іске асыру келесі оқу жылының басына қарай оқушы орындарының тапшылығын 29,7 мыңнан 3-4 мыңға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Алматы әкімі денсаулық сақтау саласының дамуына да тоқталды. 2025 жылы бұл саланы қаржыландыру 25%-ға артып, 48,8 млрд теңгеге жетті. Жыл ішінде Алматыда медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 2 орталық және 1 емхана салынды. Бұдан бөлек, ауруханалар, перзентханалар, емханалар мен СПИД орталықтарын қосқанда, тағы 32 нысанды салу және жаңғырту жобалары пысықталып жатыр. Жедел медициналық жәрдем қызметінің автопаркі 37%-ға жаңартылды, – деп мәлімдеді Дархан Сатыбалды.

Сонымен қатар Алматы әкімі Дархан Сатыбалды брифинг барысында айтылған қоғамдық денсаулық көрсеткіштеріндегі оң серпінге де ерекше тоқталды.

"Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ана өлімі 48,2%-ға, нәресте өлімі 5,4%-ға, ал онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 16%-ға төмендеді", – деді қала әкімі.

Әкімнің айтуынша, жастар саясаты да назардан тыс қалмады.

"Еліміздің болашағы – жаңа буын. Біз олардың білім алуына және жұмыспен қамтылуына айрықша мән береміз", – деді Дархан Сатыбалды.

2025 жылы Алматыда 11 комьюнити орталық және 4 "Narco-STOP" орталығы ашылды, сондай-ақ 33 демалыс орталығы жаңғыртылды. Студенттік жатақханаларда 8 мыңнан астам орын жасақталды. "Алматы жастары" бағдарламасы аясында білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, спорт және журналистика салаларында еңбек ететін мамандарды қосқанда, 2 200 адамға тұрғын үйге арналған несие берілді.

Сонымен қатар қалада 3 шынықтыру-сауықтыру кешені ашылып, көше спорт түрлеріне арналған 50 нысан салынды. Кешенді шараларды іске асыру нәтижесінде NEET санатындағы жастардың үлесі 8,3%-дан 6,4%-ға дейін төмендеді, – деп мәлімдеді Алматы әкімі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика